https://sputnik.kz/20250928/almatyda-eki-zhana-avtobus-parki-salynady-57445873.html
Алматыда екі жаңа автобус паркі салынады
Алматыда екі жаңа автобус паркі салынады
Sputnik Қазақстан
Екі нысанның құрылысы келесі жылдың наурыз айында аяқталады 28.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-28T09:00+0500
2025-09-28T09:00+0500
2025-09-28T09:00+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/07e5/08/18/17936449_0:312:3000:2000_1920x0_80_0_0_414a9cf1dacb07867c27253c737dc9c8.jpg
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматыда екі жаңа автобус паркі мен газ толтыру станциясы салынады, деп хабарлайды қала әкімдігі. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды өткізген көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңесте жаңа автобус парктерін салу, жылжымалы құрамды қажетті сервистік инфрақұрылымен қамтамасыз ету және қосымша автомобильдік газ толтыру компрессорлық станцияларын салу мәселелері қаралды.Станция мен әрқайсысының сыйымдылығы 300 автобус болатын екі автобус паркін салу үшін жер телімдері мен жеке инвесторлар анықталды. Олардың бірі Құлжа трактісінің аумағында, екіншісі Мөңке би көшесінің солтүстігінде орналасады.Қала басшысы жауаптыларға жер телімдерін рәсімдеу және инженерлік желілер бойынша техникалық шарттар беру үдерістерін жеделдетуді тапсырды.Екі нысанның құрылысы келесі жылдың наурыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.Дархан Сатыбалды қазіргі уақытта Алматыда автобустарға жанармай құю және қызмет көрсету инфрақұрылымы жылжымалы құрамның санына сәйкес келмейтінін, сондықтан автобус парктері мен станцияларын салу мәселесі бақылауда болатынын айтты.
https://sputnik.kz/20250927/almatyga-ulybritaniyadan-alty-ayda-11-mln-turist-keldi--57431501.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/18/17936449_272:0:2939:2000_1920x0_80_0_0_14803ad1bf0606fe17f31f6c4caa6ba5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматыда екі жаңа автобус паркі салынады
Екі нысанның құрылысы келесі жылдың наурыз айында аяқталады
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматыда екі жаңа автобус паркі мен газ толтыру станциясы салынады, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды өткізген көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңесте жаңа автобус парктерін салу, жылжымалы құрамды қажетті сервистік инфрақұрылымен қамтамасыз ету және қосымша автомобильдік газ толтыру компрессорлық станцияларын салу мәселелері қаралды.
Станция мен әрқайсысының сыйымдылығы 300 автобус болатын екі автобус паркін салу үшін жер телімдері мен жеке инвесторлар анықталды. Олардың бірі Құлжа трактісінің аумағында, екіншісі Мөңке би көшесінің солтүстігінде орналасады.
Қала басшысы жауаптыларға жер телімдерін рәсімдеу және инженерлік желілер бойынша техникалық шарттар беру үдерістерін жеделдетуді тапсырды.
Екі нысанның құрылысы келесі жылдың наурыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Дархан Сатыбалды қазіргі уақытта Алматыда автобустарға жанармай құю және қызмет көрсету инфрақұрылымы жылжымалы құрамның санына сәйкес келмейтінін, сондықтан автобус парктері мен станцияларын салу мәселесі бақылауда болатынын айтты.