https://sputnik.kz/20250927/ministr-men-elshi-toqaevtyn-reseyge-zhasaytyn-saparyna-dayyndyq-maselesin-talqylady-57427627.html
Министр мен елші Тоқаевтың Ресейге жасайтын сапарына дайындық барысын талқылады
Министр мен елші Тоқаевтың Ресейге жасайтын сапарына дайындық барысын талқылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Sputnik... 27.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-27T16:40+0500
2025-09-27T16:40+0500
2025-09-27T20:23+0500
елші
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1b/57426389_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_1b7ffa6a3e261ad2a8b897322dde76e3.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Бүгінде Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дәйекті дамып келеді."Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл іс-шараның екіжақты байланыстарды барлық бағыт бойынша жандандыруда маңызы жоғары", - делінген ресми хабарламада.Министр елшімен бірге өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бородавкин РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың құттықтауын да жеткізді.Айта кетері, бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ермек Көшербаевқа құттықтау хатын жолдаған болатын.
https://sputnik.kz/20250927/lavrov-qazaqstannyn-zhana-ministrin-quttyqtady-57415837.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1b/57426389_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_1fc3b076e0f7881713fcdd2554a6bca2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елші
Министр мен елші Тоқаевтың Ресейге жасайтын сапарына дайындық барысын талқылады
16:40 27.09.2025 (жаңартылды: 20:23 27.09.2025) АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Бүгінде Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дәйекті дамып келеді.
"Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл іс-шараның екіжақты байланыстарды барлық бағыт бойынша жандандыруда маңызы жоғары", - делінген ресми хабарламада.
Министр елшімен бірге өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бородавкин РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың құттықтауын да жеткізді.
Айта кетері, бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ермек Көшербаевқа құттықтау хатын жолдаған болатын.