Электромобиль квотасы азайып жатыр - министрлік ескерту жасады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаВ знак уважения Реджеп Тайип Эрдоган подарил Главе нашего государства электромобиль TOGG турецкого производства
В знак уважения Реджеп Тайип Эрдоган подарил Главе нашего государства электромобиль TOGG турецкого производства - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті электромобиль әкелуді жоспарлап отырған азаматтарға квотаны ескеру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда электрмобильдерді сырттан әкелетіндерге тарифтік жеңілдік беріледі. Бірақ ондай жеңілдікпен кіретін көліктердің нақты саны белгіленген. Квотаның жалпы саны - 15 000 көлік.
"2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша 13 000-нан астам электромобиль әкелінді. Бұл квотаның 87,2%-ын құрайды. Тарифтік жеңілдікпен әкелуге 1 900-ден аз автокөлік мүмкіндігі қалды", - дейді комитет мамандары.
Сондықтан электромобиль әкелуді жоспарлап отырған азаматтарға қалған квота көлемін ескеру қажет.
Водитель автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2025
Батыс Қазақстанда көлік салығының қарызы 266 млн теңгеге жетті
Жаңалықтар
0