Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын дамытудың келешегі қандай – видеокөпір

Жазылу
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Астана мен Мәскеу арасында "Қазақстан-Ресей: дамудың болашақ перспективалары қандай?" деген тақырыпта видеокөпір өтіп жатыр.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Мәскеуге мемлекеттік сапармен барады. Сапар барысында мемлекет басшылары Оралда өтетін Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады деп жоспарланып отыр.
Алдағы кездесу екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа одан әрі серпін береді деп жоспарланып отыр. Сапар нәтижесінде бірқатар құжатқа, маңызды стратегиялық келісімдерге қол қойылады.
Неліктен бұл сапар екіжақты қарым-қатынастағы маңызды оқиға болады? Қандай салаларда ынтымақтастықты тереңдетуге болады? Тараптар көлік дәліздерін дамытып, білім, ғылым және мәдениет салаларындағы байланыстарды қалай нығайтады? Сарапшылар осы және тағы басқа да сұрақтарға жауап береді:
Астанадағы спикерлер:
Максим Крамаренко, Еуразиялық саясат институтының жетекшісі;
Эдуард Полетаев, "Еуразия әлемі" қорының жетекшісі;
Рахым Ошақбаев, Talap қолданбалы зерттеулер орталығының бас экономисі.
Мәскеуде:
Станислав Притчин, Ресей Ғылым академиясы Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты Орталық Азия секторының меңгерушісі.
Жаңалықтар
0