https://sputnik.kz/20250926/astanalyq-zhas-otbasy-baspanaly-boludyn-tiimdi-zholyn-aytty-57384157.html
Астаналық жас отбасы баспаналы болудың тиімді жолын айтты
Астаналық жас отбасы баспаналы болудың тиімді жолын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Астанада жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында пәтер алған Асқар... 26.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-26T13:23+0500
2025-09-26T13:23+0500
2025-09-26T13:23+0500
жастар
жалдамалы баспана
баспана
баспана бағасы
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_0:273:3072:2001_1920x0_80_0_0_fd6266f7862d0372503e32d8937b812b.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Астанада жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында пәтер алған Асқар Зұлқарнаев өз тәжірибесін егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордада құрылысшы болып жұмыс істейтін 32 жастағы Асқардың келіншегі – дәрігер.Елордалық жас отбасы жалдамалы пәтерде тұрып, өздерінің жаңа баспанасына қаражат жинаған."Биыл көктемде біз орталықтан "Елорда жастары" бағдарламасы бойынша 2 бөлмелі пәтер сатып алдық. 48 шаршы метр пәтеріміз Бейбітшілік және келісім сарайы жақта орналасқан. Тұрғын үй кешені бізге бірден ұнады: сәулеті заманауи, орналасқан жері ыңғайлы. Бастысы бұл өзіміздің баспанамыз. Менің ойымша, екі баласы бар отбасы үшін бұл өте қолайлы жер. Үйіміздің жанында балабақшалар, мектептер, саябақтар бар. Балаларымыздың үлкені 6 жаста, биыл 1-сыныпқа барды, ал кенжесі – 1 жаста", - деді Асқар Аманғалиұлы.Сондай-ақ ол бағдарламаның пайдасы туралы да айтты.Айта кетейік, бұл бағдарлама жастарға жеңілдікпен несие беруді ұсынады. Несиенің мөлшерлемесі – жылдық 5 пайыз, бастапқы жарна – 10 пайыз. Ал тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_39ba42fa4f64c91f1e8fd557565f4283.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, жалдамалы баспана, баспана, баспана бағасы
жастар, жалдамалы баспана, баспана, баспана бағасы
Астаналық жас отбасы баспаналы болудың тиімді жолын айтты
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Астанада жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында пәтер алған Асқар Зұлқарнаев өз тәжірибесін егжей-тегжейлі айтып берді, деп
хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордада құрылысшы болып жұмыс істейтін 32 жастағы Асқардың келіншегі – дәрігер.
"Мен 2018 жылы шаңырақ көтердім. Келіншегім – дәрігер, ал өзім – құрылысшымын. Үйленгеннен кейін келесі жылы осы бағдарламаға құжат тапсырдым. Нәтижесінде біз конкурстардан өттік. Сөйтіп, бізге қаладағы Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйден 1 бөлмелі пәтер берілді. Оған ай сайын шамамен 5 600 теңге төледік", – деді ол.
Елордалық жас отбасы жалдамалы пәтерде тұрып, өздерінің жаңа баспанасына қаражат жинаған.
"Биыл көктемде біз орталықтан "Елорда жастары" бағдарламасы бойынша 2 бөлмелі пәтер сатып алдық. 48 шаршы метр пәтеріміз Бейбітшілік және келісім сарайы жақта орналасқан. Тұрғын үй кешені бізге бірден ұнады: сәулеті заманауи, орналасқан жері ыңғайлы. Бастысы бұл өзіміздің баспанамыз. Менің ойымша, екі баласы бар отбасы үшін бұл өте қолайлы жер. Үйіміздің жанында балабақшалар, мектептер, саябақтар бар. Балаларымыздың үлкені 6 жаста, биыл 1-сыныпқа барды, ал кенжесі – 1 жаста", - деді Асқар Аманғалиұлы.
Сондай-ақ ол бағдарламаның пайдасы туралы да айтты.
"Мемлекет тиімді шарттармен ипотека ұсынып отыр. Бұл бағдарлама, әсіресе, жұмыс істейтін жастар үшін өте қолжетімді. Мұнда бастысы Астанада тұрақты тіркеудің болуы, соңғы 5 жылда жылжымайтын мүліктің болмауы, табыс мөлшерінің шартқа сәйкес келуі қажет. Жастарға айтарым, осы мүмкіндікті қолданып үлгеріп қалыңыздар. Ал жалдамалы пәтерде тұрсаңыздар, онда бастапқы жарнаға міндетті түрде ақша жинаңыздар", - деп кеңес берді Асқар Аманғалиұлы жас отбасыларға.
Айта кетейік, бұл бағдарлама жастарға жеңілдікпен несие беруді ұсынады. Несиенің мөлшерлемесі – жылдық 5 пайыз, бастапқы жарна – 10 пайыз. Ал тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады.