Жамбыл облысында тәуелсіздік жылдарындағы алғашқы қант зауытының құрылысы басталды

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуҚант қызылшасы
Қант қызылшасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2025
Жазылу
Бұл Қазақстанда тәуелсіздік жылдары салынып жатқан алқашқы қант зауыты
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысының Байзақ ауданында заманауи қант зауытының құрылысы басталды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бұл Қазақстанда тәуелсіздік жылдары салынып жатқан алқашқы қант зауыты.
"Инвестиция көлемі шамамен 200 млн АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорында 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр. Жобалық қуат жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеп, шамамен 120 мың тонна қант, сондай-ақ меласса мен жом сияқты қосалқы өнімдер өндіруге мүмкіндік береді", деп жазылған хабарламада.
Өңірдегі шаруа қожалықтары зауытты шикізатпен толық қамтуға дайын екендіктерін білдірді.
Айта кетейік, биылғы жылдың сегіз айында облыстың негізгі капиталына 391,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4 пайызға артық.
Астанада астық пен бұршақ дақылдарын өңдейтін агрокешеннің құрылысы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2025
Астанада астық пен бұршақ дақылдарын өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
Жаңалықтар
0