https://sputnik.kz/20250925/qazaqstanda-tutynushylyq-nesienin-osu-qarqynyn-shekteu-qarastyrylyp-zhatyr-57362927.html
Қазақстанда тұтынушылық несиенің өсу қарқынын шектеу қарастырылып жатыр
Қазақстанда тұтынушылық несиенің өсу қарқынын шектеу қарастырылып жатыр
Sputnik Қазақстан
Бұл осы қарыз алушылардың шамадан тыс жүктеме алу мүмкіндігін шектейді 25.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-25T21:35+0500
2025-09-25T21:35+0500
2025-09-25T21:35+0500
кредит
заң
тұтынушылар
https://sputnik.kz/img/1107/45/11074561_237:0:1790:874_1920x0_80_0_0_f8ff9a97f6d62971f27cd79bbbbaaf97.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда тұтынушылық несие берудің өсу қарқынын шектеу қарастырылып жатыр және осы мақсатта заңнамалық түзетулер әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.Дайындалып жатқан түзетулер жеке тұлғалардағы шамадан тыс қарыз жүктемесінің алдын алуға бағытталғаны айтылды.Құжат жобасында соңғы жыл ішінде 90 күннен астам мерзімі өткен төлемдері бар қарыз алушылар үшін қарыз жүктемесі коэффициентін (ҚЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету қарастырылған. Бұл осы азаматтардың шамадан тыс қарыз алу мүмкіндігін шектейді.Ал мына шарттар бойынша кепілсіз тұтынушылық несиелерді беруге тыйым салу қарастырылады:
https://sputnik.kz/20250920/kredit-tolemin-komissiyasyz-keyinge-shegeruge-bolady--zhana-erezhenin-talaptary-57238536.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1107/45/11074561_268:0:1708:1080_1920x0_80_0_0_719b32c9084fc422c6cf69804da43942.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, заң, тұтынушылар
Қазақстанда тұтынушылық несиенің өсу қарқынын шектеу қарастырылып жатыр
Бұл осы қарыз алушылардың шамадан тыс жүктеме алу мүмкіндігін шектейді
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда тұтынушылық несие берудің өсу қарқынын шектеу қарастырылып жатыр және осы мақсатта заңнамалық түзетулер әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Дайындалып жатқан түзетулер жеке тұлғалардағы шамадан тыс қарыз жүктемесінің алдын алуға бағытталғаны айтылды.
Құжат жобасында соңғы жыл ішінде 90 күннен астам мерзімі өткен төлемдері бар қарыз алушылар үшін қарыз жүктемесі коэффициентін (ҚЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету қарастырылған. Бұл осы азаматтардың шамадан тыс қарыз алу мүмкіндігін шектейді.
Ал мына шарттар бойынша кепілсіз тұтынушылық несиелерді беруге тыйым салу қарастырылады:
кредиттер бойынша 30 күнтізбелік күннен астам немесе шағын несиелер бойынша 1 күннен астам мерзімі өткен жағдайда;
соңғы 36 айдағы негізгі борыш немесе сыйақы бойынша қарыз 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап толығымен кешірілсе;
соңғы 12 ай ішінде қайта құрылымдау жүргізілген, бірақ қарыз алушы өз міндеттемелерін орындамаса.