Атырауда жеткіншекті ұрып кеткен адамға іздеу жарияланды (ВИДЕО)

© Sputnik / Табылды КадырбековКулак, иллюстративное фото
Кулак, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2025
Жазылу
Ол ойын алаңында ойнап жүрген баланы еш себепсіз аяусыз ұрған
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Атырау қаласы Алмагүл мөлтек ауданында жеткіншекті аяусыз ұрып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Жәбір көрген баланың жасы тоғызда. Бейтаныс ер адам ойын алаңында ойнап жүрген жеткіншекті еш себепсіз аяусыз ұрған. Алайда полиция бала жеңіл дене жарақатын алды дейді.
"Атырау қаласындағы аулалардың бірінде 9 жастағы жеткіншекті ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда күдіктінің кім екені анықталып жатыр. Іздеу жарияланды", - дейді Атырау облыстық полиция департаменті.
Оқиға болған маңдағы бейнкамералар тексеріліп жатыр.
"Оқиғаның куәгерлерінен жауап алынуда. Жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алған, психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", - дейді ведомство.
Верующий перед намазом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2023
Мешітте баланы ұрған имам жұмыстан шығарылды
Жаңалықтар
0