Алматы облысында тұрғын бөгетті бұзып, үй салмақ болған

© Sputnik / Медиабанкке өту Архивтегі фото
 Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2025
Жазылу
Бассейндер үшін жер қазып, бөгеттен 26 темір-бетон блокты бөлшектеген
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында тұрғын бөгетті бұзып, үй салмақ болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаскелеңде тұрғын бөгетті заңсыз бұзып, үй салмақ болған. Бұл мәселеге қатысты Қарасай аудандық әкімдігі түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, 20 қыркүйекте учаскені ведомствоаралық комиссия тексерген. Учаске селден қорғау бөгетінің жанында орналасқан және су қорғау белдеуі мен сел қаупі аймағына кіреді.
Тексеру барысында елеулі заң бұзушылықтар анықталған.
"Тұрғын өз бетінше жер жұмыстарын жүргізген. Бассейндер үшін жер қазып, бөгеттен 26 темір-бетон блокты бөлшектеген. Сөйтіп шаруашылық құрылысын сала бастаған", - дейді Қарасай аудандық әкімдігі.
Барлық жұмыс мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз және келісімінсіз жүргізілген.
"Акт жасалып, 12 қазанға дейін заң бұзушылықтарды жою және бөгеттегі ағынды қабырғаны қалпына келтіру туралы бұйрық берілді. Рұқсат құжаттарын беруден бас тартылды. Сондай-ақ жер учаскесін беру уақыты нақтыланады", - деді аудандық әкімдік.
Жаңалықтар
0