Тоқаев пен БҰҰ бас хатшысының кездесуінде меморандумға қол қойылды

© Photo : АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Жазылу
Президент АҚШ-қа сапары аясында жоғары деңгейде бірқатар кездесу өткізді
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан президенті мен бас хатшы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұйымға алдағы уақытта да қолдау көрсетіп, оның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, орнықты даму ісінде жетекші рөл атқара беруіне белсенді түрде атсалысатынын айтты", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу аясында мемлекет басшысының және бас хатшының қатысуымен Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиноны қабылдады.
© Photo : АқордаТоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді
Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді
Тоқаев балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін федерацияға ризашылық білдірді.
"Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский Нью-Йоркте кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Тоқаев Зеленскиймен кездесу өткізді
Жаңалықтар
0