Алыпсатарлар еттің бір келісінен қанша пайда табады – министр айтып берді

© Холдинг "КазАгро"Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Жазылу
Бүгінде еттің көлемі жеткілікті, тапшылық жоқ
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров алыпсатарлар еттің бағасына қанша ақша қосатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде фермерлер сиыр етінің бір келісін базарларға 3 100- 3 500 теңгеге көтерме бағамен сатады.
"Ал кейбір алыпсатарлар 3 200 теңгеге алады да, сауда орындарына 3 800 теңгеден өткізеді. Ондай фактілер де бар. Осылайша, алып-сатар бір сағаттың ішінде еттің бір келісінен 600 теңге табады. Сондықтан бізге осы салада сауда министрлігімен бірлесіп жұмыс істеу керек", - деп атап өтті министр.
Министрдің айтуынша, бүгінде еттің көлемі жеткілікті, тапшылық жоқ.
Айта кетері, бүгін сиыр еті бойынша жедел желі іске қосылды. Оған еттің бағасына қатысты шағым түсіруге болады.
Мясо и мясные продукты на полке в супермаркете - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Cиыр еті нарығындағы жағдайға байланысты жедел желі іске қосылды
Жаңалықтар
0