Құрылыс компаниясының экс-басшысы Ресейден экстрадицияланды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2025
Жазылу
Ол "Самұрық-Энерго" АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін айыпталған құрылыс компаниясының бұрынғы басшысы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, ұсталған ер адам 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта құрылыс компаниясының басшысы болып жүргенде адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, жалған шарттармен "Самұрық-Энерго" АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Қаржы Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған болатын.
Күдікті осы қылмыстан кейін шетелге қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланды.
"Осы жылдың ақпан айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды", - дейді прокурорлар.
Қылмысқа қатысы бар басқа адамдар биыл мамыр айында әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.
Айта кетері, мұндай қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2025
Шымкентте мектеп бухгалтері бюджет қаражатына пәтер сатып алған
Жаңалықтар
0