https://sputnik.kz/20250921/ulttyq-ulan-ofitseri-ekinshi-ret-adam-omirin-saqtap-qaldy-57262997.html
Ұлттық ұлан офицері екінші рет адам өмірін сақтап қалды
Ұлттық ұлан офицері екінші рет адам өмірін сақтап қалды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Капитан Рүстем Әбішев Астана қаласындағы аулалардың бірінде денсаулығы күрт нашарлаған азаматқа көмек қолын созды. Оның жедел... 21.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-21T13:59+0500
2025-09-21T13:59+0500
2025-09-21T13:59+0500
ұлттық ұлан
https://sputnik.kz/img/07e9/09/15/57262832_0:64:1200:739_1920x0_80_0_0_21419249da3bfa254a932eac5584491a.jpg
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Капитан Рүстем Әбішев Астана қаласындағы аулалардың бірінде денсаулығы күрт нашарлаған азаматқа көмек қолын созды. Оның жедел әрекетінің арқасында ер адам аман қалды. Бұл оның адам өміріне екінші рет араша түсуі, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығының құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының аға офицері Рүстем Байкалұлы егде жастағы ер адамның үй ауласындағы орындықта жайсыз отырғанын байқаған. Басын сүйеп, қозғала алмай отырған азаматқа әскери қызметші келіп, жағдайын сұраған. Ал ол қан қысымы көтерілгенін және көмек керегін әрең жеткізген.Осылайша, ұландық әскери қызметшінің жедел әрекеті жазатайым оқиғаны болдырмауға септігін тигізді.Айта кетері, Әбішев Ұлттық ұлан сапында 2007 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Офицер осыдан 10 жыл бұрын да адам өмірін аман алып қалған болатын. Ол кезде ол Өскемен қаласында демікпесі ұстап қалған көлік жүргізушісіне дер кезінде алғашқы көмек көрсеткен.
https://sputnik.kz/20250710/almaty-oblysynda-balany-itterden-qutqaryp-qalgan-er-adam-marapattaldy-55536595.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/15/57262832_67:0:1135:801_1920x0_80_0_0_3b41089001ead7326e1423f08692e982.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық ұлан
Ұлттық ұлан офицері екінші рет адам өмірін сақтап қалды
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Капитан Рүстем Әбішев Астана қаласындағы аулалардың бірінде денсаулығы күрт нашарлаған азаматқа көмек қолын созды. Оның жедел әрекетінің арқасында ер адам аман қалды. Бұл оның адам өміріне екінші рет араша түсуі, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығының құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының аға офицері Рүстем Байкалұлы егде жастағы ер адамның үй ауласындағы орындықта жайсыз отырғанын байқаған. Басын сүйеп, қозғала алмай отырған азаматқа әскери қызметші келіп, жағдайын сұраған. Ал ол қан қысымы көтерілгенін және көмек керегін әрең жеткізген.
"Қан қысымы бойынша мәселе барын түсініп, сырт киімін шешіп, бірден дәріханаға жүгірдім. Фармацевтің кеңесімен қажетті дәріні алып, сырқат кісіге бердім. Артынша жедел жәрдем шақырып, науқасты соларға тапсырдым. Олар қалай алғашқы көмек көрсеткенімді және қандай дәрі бергенімді сұрады. Бәрін түсіндірген соң медицина қызметкерлері дұрыс әрекет жасағанымды айтты. Егер дер кезінде назар аударып, дәрі-дәрмек бермегенде науқастың өмірден өтіп кетуі де мүмкін екен", – деді капитан Рүстем Әбішев.
Осылайша, ұландық әскери қызметшінің жедел әрекеті жазатайым оқиғаны болдырмауға септігін тигізді.
Айта кетері, Әбішев Ұлттық ұлан сапында 2007 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Офицер осыдан 10 жыл бұрын да адам өмірін аман алып қалған болатын. Ол кезде ол Өскемен қаласында демікпесі ұстап қалған көлік жүргізушісіне дер кезінде алғашқы көмек көрсеткен.