Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Келлог Украинаға кейбір аумақтарынан айырылғанын қабылдауға кеңес берді

© AP Photo / Efrem LukatskyФлаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом "Родина-мать" в Киеве
Флаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом Родина-мать в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог Украинаға жағдай өзгеруі мүмкін деген пікірін білдіріп, кейбір аумақты іс жүзінде жоғалтқанын мойындауға кеңес берді.
"Біз шындықты қабылдауымыз керек. Де-факто де-юре дегенді білдірмейді. Тарихқа қайта оралайық. Біз ешқашан Балтық елдеріндегі кеңестік бақылауды мойындаған жоқпыз, олар іс жүзінде КСРО құрамында болды... Бұл жерде де солай", - деді ол британдық The Telegraph газетіне берген сұхбатында.
Келлогтың айтуынша, Ресейдің бақылауында ДХР аумағының 65 пайызы және ЛХР аумағының 98 пайызы бар.
Тамыз айының соңында Қарулы күштер Бас штабының бастығы Валерий Герасимов ресейлік әскерлер Луганск халық республикасының 99,7 пайызын және Донецк халық республикасының 79 пайызын азат еткенін хабарлады.
Арнайы өкілдің пікірінше, атысты тоқтатпай бейбітшілікке қол жеткізу қиын, ал Трамп басқа көзқарасты ұстанып, мұндай шартсыз келіссөздер жүргізуді қолдайды. Келлог сондай-ақ АҚШ пен Ресей арасындағы қатынастар Владимир Путин тұсында жақсармайды деген ой айтты.
ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресей құрамына кіру жөніндегі референдумдары 2022 жылдың қыркүйек айының соңында өтті. Сыртқы істер министрлігі елдің аумақтық құрылымы Конституцияда бекітілгенін және талқылауға жатпайтынын атап өтті. Биылғы айдың басында Путин Мәскеу ешқашан Киевке аумақтар есебінен қауіпсіздік кепілдіктерін беру мәселесін көтермегенін мәлімдеді.
Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Ресей саяси реттеу аспектілерін талқылауға және кез келген форматта жұмыс істеуге дайын. Алайда украин тарапы Ыстанбулдағы келіссөздерде көтерілген гуманитарлық, әскери және саяси мәселелерді неғұрлым нақты қарастыру үшін жұмыс топтарын құру туралы ұсынысқа жауап бермеді. Сонымен қатар, Владимир Зеленский ресейлік көшбасшының Мәскеуге келіссөздер үшін келу туралы шақыруын қабылдамады.
Жаңалықтар
0