Елімізде ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталды

Уборка урожая  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2025
Жазылу
Жалпы саны шамамен 1,2 млн үй шаруашылығын қамту жоспарланған.
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Бүгіннен бастап елімізде ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі өтеді. Интервьюерлер барлық елді мекенде үйлерді аралап, деректер жинайды, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.
Жалпы саны шамамен 1,2 млн үй шаруашылығын қамту жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы санағы елімізде екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты – аграрлық саланың жағдайы туралы толық мәлімет алу, әсіресе ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде. Сауалнама парағы 22 сұрақтан тұрады. Онда мал мен құстың болуы, жер ресурстарын пайдалану, бақша егу, тыңайтқыш қолдану және басқа да мәліметтер сұралады.
"Біз санақтың онлайн кезеңін аяқтадық, ол кезде ауыл шаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтарының сауалнаманы sanaq.gov.kz сайтында толтыру мүмкіндігі болды. Ол кезеңге 600 мыңнан астам респондент қатысты. Енді ауқымды кезең басталды: интервьюерлер үйлерді аралап, деректерді планшет арқылы жинайды", – деді Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев.
Үй-үйді аралау жұмысына 2,5 мыңнан астам интервьюер жұмылдырылады. Олар айрықша көк түсті формада – жилет пен бейсболкада болады, бейджде жеке басын растауға арналған QR-код орналасады. Егер үй иелері үйінде болмаса, интервьюер байланыс нөмірі көрсетілген хабарландыру қалдырады.
Ұлттық статистика бюросы ақпараттың қауіпсіздігі мен құпия сақталуына кепілдік береді.
1 тамызда басталған Ауыл шаруашылығы санағы, 20 қазанға дейін жалғасады. Жиналған деректер салаға қатысты мәліметтерді жаңартуға және ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шешімдер қабылдауға негіз болады.
Посетители ярмарки вакансий, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2025
Ауыл шаруашылығы санағы: 300 қазақстандыққа жұмыс ұсынылады
Жаңалықтар
0