https://sputnik.kz/20250919/zhambyldyq-oqushy-aqyldy-qoqys-zhashigin-oylap-tapty-57226058.html
Жамбылдық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты
Жамбылдық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты
Sputnik Қазақстан
оба қарапайым әрі қолжетімді Arduino платформасы негізінде жасалған 19.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-19T16:33+0500
2025-09-19T16:33+0500
2025-09-19T16:39+0500
жамбыл облысы
оқушы
қоқыс жәшігі
https://sputnik.kz/img/07e5/02/07/16230521_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_866bc3adb8815aed8f0b4bf510529a13.jpg
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында 10-сынып оқушысы Амангелді Айым табиғатты қорғаудың заманауи жолын ойлап тапты, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.Ол "Ақылды қоқыс жәшігі" атты ерекше жобаны жүзеге асырды. Жоба қарапайым әрі қолжетімді Arduino платформасы негізінде жасалған.Бұл жүйе тұрмыстық гигиенаны сақтауға да ықпал етеді, себебі жәшікке қол тигізудің қажеті жоқ.Айта кетері, Arduino Uno – әлемде кеңінен қолданылатын микроконтроллер, ол түрлі датчиктер мен құрылғыларды басқара алады. Осы мүмкіндікті пайдаланған жас өнертапқыш қарапайым тұрмыстық қажеттілікті заманауи тәсілмен шешуге талпынды.
https://sputnik.kz/20231123/tarazdyq-oqushy-turmystyq-zombylyqqa-qarsy-qosymsha-oylap-tapty-40355769.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/07/16230521_72:0:1207:851_1920x0_80_0_0_16af61afd57cf57e8b55a18061e2a8b3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, оқушы, қоқыс жәшігі
жамбыл облысы, оқушы, қоқыс жәшігі
Жамбылдық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты
16:33 19.09.2025 (жаңартылды: 16:39 19.09.2025) оба қарапайым әрі қолжетімді Arduino платформасы негізінде жасалған
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында 10-сынып оқушысы Амангелді Айым табиғатты қорғаудың заманауи жолын ойлап тапты, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Ол "Ақылды қоқыс жәшігі" атты ерекше жобаны жүзеге асырды. Жоба қарапайым әрі қолжетімді Arduino платформасы негізінде жасалған.
"Ақылды жәшіктің" жұмыс принципі өте қарапайым. Жәшікке жақындаған адамды ультрадыбыстық сенсор анықтайды. Қашықтық белгілі бір деңгейге жеткенде, Arduino сервомоторға сигнал береді де, қақпақ автоматты түрде ашылады. Адам кеткен соң 3 секунд ішінде қақпақ қайта жабылады", - деп жазылған хабарламада.
Бұл жүйе тұрмыстық гигиенаны сақтауға да ықпал етеді, себебі жәшікке қол тигізудің қажеті жоқ.
"Қоқысты сұрыптау – әркімнің күнделікті дағдысына айналуға тиіс. Егер біз табиғатты аялауды бүгіннен бастасақ, болашақта таза әрі жайлы ортада өмір сүре аламыз. Ардуино платформасы арқылы өз ойымды жүзеге асырып, қоғамға пайдалы дүниені жасағаныма қуаныштымын", - дейді талантты оқушы.
Айта кетері, Arduino Uno – әлемде кеңінен қолданылатын микроконтроллер, ол түрлі датчиктер мен құрылғыларды басқара алады. Осы мүмкіндікті пайдаланған жас өнертапқыш қарапайым тұрмыстық қажеттілікті заманауи тәсілмен шешуге талпынды.