Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2025
Жазылу
Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысады
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Ақорда.
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.
Сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2025
Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барады
Жаңалықтар
0