Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еурокомиссар Украина репарация кредитін қандай жағдайда қайтаратынын айтты

© Sputnik / Алексей ВитвицкийФлаги с символикой Евросоюза
Флаги с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Еуропалық комиссар Валдис Домбровскис Копенгагенде өткен брифингте Украина Ресейдің бұғатталған активтері негізінде Еуроодақтан алған кредитін Ресей Украинаға репарация төлеген жағдайда ғана қайтаруға міндетті болатынын мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
"Репарация кредитіне келетін болсақ... бұл Украина үшін шектеулі ресурстық кредит болады, ол Ресейдің Орталық банкі активтеріндегі қолма-қол ақша қалдықтары есебінен қаржыландырылады. Бірақ кредит Украина Ресейден репарация алған жағдайда ғана өтеледі", - деді Домбровскис.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін ЕО және G7 елдері Ресейдің валюта қорының жартысына жуығын – 300 миллиард еуроны бұғаттады. ЕО-да 200 миллиард еуродан астам қаражат, оның негізгі бөлігі Бельгияның Euroclear шоттарында жатыр. Еурокомиссия өкілі Маркус Ламмерт тамыз айының соңында Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен 9 миллиард еуроның қаңтар айынан бастап Киевке жіберілгенін хабарлады.
Ресей АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа қару-жарақ жеткізу арқылы ғана емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдерде Украина қарулы күштерін дайындау арқылы тікелей қатысып жатыр деп бірнеше рет мәлімдеген. Кремль Батыстың Украинаға қару-жарақ жеткізуі келіссөзге ықпал етпейтінін және оның кері әсері болатынын айтты.
Жаңалықтар
0