https://sputnik.kz/20250919/eldegi-270-mynnan-astam-adamga-atauly-aleumettik-komek-korsetildi-57204428.html
270 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
270 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған 19.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-19T09:23+0500
2025-09-19T09:23+0500
2025-09-19T09:26+0500
әлеуметтік төлем
атаулы әлеуметтік көмек
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1a/53888572_0:0:1029:580_1920x0_80_0_0_465a56232f7fd9e221467cc74bbe619d.jpg
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдер бойынша деректермен бөлісті.Ведомство хабарлауынша, биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған.АӘК мыналарды көздейді:Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
https://sputnik.kz/20250624/242-mynnan-astam-adamga-atauly-aleumettik-komek-korsetildi-55064868.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1a/53888572_37:0:997:720_1920x0_80_0_0_8256c5aed872020c9f54bfa4bf1b9349.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік төлем, атаулы әлеуметтік көмек, министрлік
әлеуметтік төлем, атаулы әлеуметтік көмек, министрлік
270 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
09:23 19.09.2025 (жаңартылды: 09:26 19.09.2025) Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі әлеуметтік төлемдер бойынша деректермен бөлісті.
"2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 50,3 мың отбасындағы 270,7 мың адамға 21,7 млрд теңге сомасында тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство хабарлауынша, биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған.
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 83,6 мың балаға 2,8 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.