Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 400 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

© Photo : Pixabay / JarmolukБала ойыны
Бала ойыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. 2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 404 млрд теңгеден астам сомасына жәрдемақы алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 855 мың отбасы жалпы сомасы 404,3 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде:
көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 612 мың отбасы 352,2 млрд теңгеге;
наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 243 мың адам 52,1 млрд теңгеге.
2025 жылдың тамыз айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 846,8 мың отбасы жалпы сомасы 49,8 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде:
көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 602,3 мың отбасы 43,3 млрд теңгеге;
наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 244,5 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде.
Еске салайық, көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Жаңа туған сәби - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Қазақстанда 570 млрд теңгеден астам жәрдемақы бала тууына байланысты төленді
Жаңалықтар
0