Қазақстан "Бәйтерек" кешені туралы келісімге енгізілген өзгерістерді ратификациялады

© Фотохост-агентство РИА Новости / Медиабанкке өтуЗапуск РН "Союз-2.1а" с кораблем "Союз МС-27" с космодрома Байконур
Запуск РН Союз-2.1а с кораблем Союз МС-27 с космодрома Байконур - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан "Бәйтерек" зымыран кешені туралы Ресеймен келісімге енгізілген түзетулерді ратификациялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, "Бәйтерек" жобасы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі Байқоңырдағы алғашқы және жалғыз толыққанды бірлескен бастама болып табылады. Бұл жоба ғарыш айлағы инфрақұрылымын сақтап қалу, отандық кадрлық әлеуетті арттыруға, ғарыш саласының толық циклын, аппараттар жасау мен оларды ұшыруды өзімізде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Дорога на космодром Байконур - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2024
Байқоңыр ғарыш айлағына кірген француз бен неміс бір тәулікке қамауға алынды
Жаңалықтар
0