Қауіпті қалдықтарды лицензиясыз кәдеге жаратқандар 2 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

© AFP 2024 / THEO ROUBYШприц
Шприц - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2025
Жазылу
Сонымен қатар тапсырыс берушілердің 8 жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысында медициналық қалдықтарды кәдеге жарату кезінде заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады бас прокуратура.
Медициналық қалдықтарды дұрыс жоймау халықтың денсаулығы мен экологияға қауіп төндіреді, сондықтан мұндай қызмет Экологиялық кодекстің 336-бабына сәйкес лицензиялауға жатады.
Бұл ретте лицензиясы жоқ мердігерлермен қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және жою қызметтерін көрсетуге келісімшарттар жасаудың 8 фактісі анықталды.
Табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актілері бойынша тәртіп бұзушы мердігерлер 2 млн теңгеден астам айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар тапсырыс берушілердің 8 жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 100-бабына сәйкес Г класындағы медициналық қалдықтар токсикологиялық қауіпті болып саналады және қауіптілік деңгейі бойынша өнеркәсіптік қалдықтармен салыстыруға болады.
Автомобильная шина, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2025
Автомобильдерді сынау кезінде заң бұзған зертханаға 1,5 млн теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0