Жамбыл облысында биыл 30 инвестициялық жоба іске қосылады

© Photo : Акимат Жамбылской области Жамбыл облысында кірпіш зауыты ашылды
Жамбыл облысында кірпіш зауыты ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Жазылу
Жобалардың жалпы құны 175,2 млрд теңгеге бағаланып отыр
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында индустриялық-инвестициялық жобаларды іске асыру тұрақты жалғасып жатыр, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Соңғы жылдары өңірде жалпы құны 289 млрд теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Оның ішінде 2023 жылы 13 өндіріс орны ашылып, 577 жаңа жұмыс орны құрылды. 2024 жылы 35 кәсіпорын іске қосылып, 1 453 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
"Биыл жыл қорытындысымен жалпы құны 175,2 млрд теңге болатын 30 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 301,8 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 48,1%-ға артты", - деп жазылған хабарламада.
Тараз қаласындағы индустриалды аймақ толық инфрақұрылыммен қамтылып, алдағы жылы мұнда шағын өнеркәсіптік аймақ ашылады.
АЭА аумағы 805 гектарға ұлғайып, қосымша 400 гектар алаңда субаймағы құрылды, дейді әкімдіктегілер.
В Туркестанской области увеличился объем промышленной продукции  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025
Қазақстанда мал азығы қоспасын өндіретін алғашқы зауыт салынады
Жаңалықтар
0