Жамбыл облысында дәрігер қателігі үшін науқасқа 400 мың теңге төледі

Операциядағы дәрігерлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2025
Жазылу
Сотта науқас ауруханадан, хирург пен емдеуші дәрігерден 11 млн теңге моральдық зиянның өтемақысын өндіруді талап еткен
АСТАНА, 16 қыркүйек - Sputnik. Жамбыл облысы Шу ауданында дәрігер науқасқа 400 мың теңге төледі, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сотқа шағым айтқан тұрғынға биыл қаңтарда Шу қалалық ауруханасында ота жасалған. Операциядан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлаған. Алайда медициналық көмек көрсетілмеген. Дәрігерлер оны қайта тексеріп, патологиялар жоқ деген қорытынды жасаған.

"Науқастың туыстары талап қойған соң ғана Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасына ауысуға рұқсат етілген. Ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері бойынша науқастың іш қуысында 1500 мл-ден астам запыран анықталып, шұғыл операция жасалған", - дейді ведомстводағылар.

Мамыр айында талап қоюшыға Алматы қаласында аса күрделі операция жасалған.
Жоғарыда аталған барлық фактілер дәрігерлердің кәсіби немқұрайлылығы, уақытылы көмек көрсетпеуі, дұрыс диагноз қоймауына байланысты, дейді сот өкілдері.
"Талап қоюшы сотта хирург өзінің кінәсін ішінара мойындап, оған 1 млн теңге өтемақы төлегенін айтты. Науқас ақылы палата мен дәрі-дәрмектің құнын төлеген, сондай-ақ үшінші операцияға дайындық кезінде кейбір шығындарды өз мойнына алған. Алайда, талап қоюшы бұл төлемдер жалпы материалдық шығынның бір бөлігі ғана екенін айтты. Соттан ауруханадан, хирург пен емдеуші дәрігерден 11 млн теңге моральдық зиянның өтемақысын және 400 мың теңге материалдық залалды бірлесіп өндіріп алуды сұрады", - дейді Жамбыл облыстық соты.
Істі қарау барысында тараптар медиативтік келісімге қол жеткізді. Келісім шарттарына сәйкес хирург талап қоюшыға 400 мың теңге төлеуге міндетті, медициналық мекеме 2 млн теңгені өтейді.
Қостанай ауруханасында соққыға жығылған дәрігер Астанаға жеткізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Қостанай ауруханасында соққыға жығылған дәрігер санавиация бортымен Астанаға жеткізілді
Жаңалықтар
0