Тротуармен жүрмесін: самокатқа қатысты ұсыныстар жарияланды

© Sputnik/Ертай СарбасовВесна в Алматы
Весна в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі электрсамокаттың қозғалысын шектеуге қатысты ұсыныстарды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, былтыр электрсамокатқа қатысты нақты ұсыныстар әзірленген.

"Соның бірқатары қолдау таппады. Осыған байланысты жаңа түзетулер әзірленді. Соның ішінде тротуарда электрсамокаттың қозғалысына тыйым салу бар. Бұдан бөлек, кикшерингтік кампаниялардың міндеттерін бекітіп, әкімдіктерге электрсамокатты пайдалану ережесін бекітуге құқық беру ұсынылып отыр", - деді Лепеха үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетері, бұған дейін Алматы мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов қалада самокатты жалға беруді толығымен тоқтатуды ұсынған болатын.
Алматыдағы самокат - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2025
Алматыда самокат тебуге тыйым салынуы мүмкін
Жаңалықтар
0