https://sputnik.kz/20250915/on-altyndy-bolisip-algan-qazaqstan-men-ozbekstan-bapkerleri-malimdeme-zhasady-57089295.html
Он алтынды бөлісіп алған Қазақстан мен Өзбекстан бапкерлері мәлімдеме жасады
Он алтынды бөлісіп алған Қазақстан мен Өзбекстан бапкерлері мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Қазақ боксшылары 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды 15.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-15T22:10+0500
2025-09-15T22:10+0500
2025-09-15T22:10+0500
әлем чемпионы
бокс
әуесқой бокс
өзбекстан
қазақстан
https://sputnik.kz/img/333/20/3332058_0:50:1921:1130_1920x0_80_0_0_d932e182744263ae722a215891d4b695.jpg
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионаты аяқталған соң Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов пен Өзбекстан командасының жаттықтырушысы Толқын Қылышев бір-біріне ізгі лебізін білдірді, деп хабарлады 1bol.kz.Желіде тараған бейнероликте қос бапкер жоғары нәтиже үшін бір-бірін құттықтап, сәттілік тіледі."Қазақстан мен Өзбекстан рингте ғана бәсекелеспіз. Бірақ рингтен тыс жерде әрқашан бір-бірімізді сыйлап жүреміз, біз бауырмыз. Алла қаласа, Олимпиадада тамаша нәтиже көрсетеміз. Баршаңызға денсаулық тілеймін", - деді Толқын Қылышев.Чемпионат нәтижесіWorld Boxing аясындағы тұңғыш әлем чемпионаты Қазақстан үшін тарихи жетістікпен аяқталды. Қазақ боксшылары 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ал Өзбекстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен екінші сатыға жайғасты.Қазақстан мен Өзбекстан – әлемдік әуесқой бокстағы басты бәсекелестер. Әсіресе, Париж-2024 Олимпиадасынан кейін (Қазақстан – 1 күміс, Өзбекстан – 5 алтын) қазақ жанкүйерлері әрбір жарыстағы нәтижені өзбек құрамасының табысымен салыстырып келеді.
өзбекстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/333/20/3332058_79:0:1786:1280_1920x0_80_0_0_1c32cd91cc6e713b7afac532e945251b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлем чемпионы, бокс, әуесқой бокс, өзбекстан, қазақстан
әлем чемпионы, бокс, әуесқой бокс, өзбекстан, қазақстан
Он алтынды бөлісіп алған Қазақстан мен Өзбекстан бапкерлері мәлімдеме жасады
Қазақ боксшылары 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионаты аяқталған соң Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов пен Өзбекстан командасының жаттықтырушысы Толқын Қылышев бір-біріне ізгі лебізін білдірді, деп хабарлады
1bol.kz. Желіде тараған
бейнероликте қос бапкер жоғары нәтиже үшін бір-бірін құттықтап, сәттілік тіледі.
"Құрметті жанкүйерлер, бізді жеңіспен құттықтаңыздар. Өзбекстан мен Қазақстан – бауырлас елдер, біз әрқашан бірге боламыз. Үлкен басшыларымыз әзілдеп: "Неге Англияға келдіңдер? Үйлеріңде-ақ спарринг жасап, қалған жүлделерді таратып алуларыңа болатын еді" деді. Екі елдің спортшылары әрдайым жоғары деңгейде болсын", - деді Қайрат Сатжанов.
"Қазақстан мен Өзбекстан рингте ғана бәсекелеспіз. Бірақ рингтен тыс жерде әрқашан бір-бірімізді сыйлап жүреміз, біз бауырмыз. Алла қаласа, Олимпиадада тамаша нәтиже көрсетеміз. Баршаңызға денсаулық тілеймін", - деді Толқын Қылышев.
World Boxing аясындағы тұңғыш әлем чемпионаты Қазақстан үшін тарихи жетістікпен аяқталды. Қазақ боксшылары 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ал Өзбекстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен екінші сатыға жайғасты.
Қазақстан мен Өзбекстан – әлемдік әуесқой бокстағы басты бәсекелестер. Әсіресе, Париж-2024 Олимпиадасынан кейін (Қазақстан – 1 күміс, Өзбекстан – 5 алтын) қазақ жанкүйерлері әрбір жарыстағы нәтижені өзбек құрамасының табысымен салыстырып келеді.