https://sputnik.kz/20250915/duniezhuzilik-islam-ligasynyn-bas-khatshysy-astanaga-arnayy-keldi-57084536.html
Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы Астанаға арнайы келді
Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы Астанаға арнайы келді
Sputnik Қазақстан
Ол Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысады 15.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-15T15:56+0500
2025-09-15T15:56+0500
2025-09-15T15:56+0500
қасым-жомарт тоқаев
әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі
дін
дін қызметкері
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0f/57084143_0:47:1280:767_1920x0_80_0_0_68f0a0eb366d76517e7c200cbeaae053.jpg
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Президент Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исамен кездесті.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта дінаралық, сондай-ақ мәдениетаралық келісімді сақтауға ерекше мән береді. Президент 22 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі осының айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстанның бастамасы жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға зор ықпал ететінін айтты.Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.Мемлекет басшысы әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және ислам өркениетін кеңінен танытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0f/57084143_98:0:1183:814_1920x0_80_0_0_bd508eb7c1b04f86b8f487dca026b5cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі, дін, дін қызметкері
қасым-жомарт тоқаев, әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі, дін, дін қызметкері
Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы Астанаға арнайы келді
Ол Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысады
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Президент Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исамен кездесті.
"Президент еліміздің діндер арасындағы диалогты дамыту бастамасына ұдайы қолдау көрсетіп, бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттауға елеулі үлес қосып келе жатқан ұйым басшысына ризашылығын білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта дінаралық, сондай-ақ мәдениетаралық келісімді сақтауға ерекше мән береді. Президент 22 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі осының айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстанның бастамасы жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға зор ықпал ететінін айтты.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
"Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Астанадағы дәстүрлі съезді адамгершілік құндылықтарын дәріптейтін ерекше пікір алмасу алаңы ретінде жоғары бағалап, еліміздің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және ислам өркениетін кеңінен танытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.