https://sputnik.kz/20250914/songy-bes-zhylda-azhyrasu-16-ke-tomendegen-57056089.html
Соңғы бес жылда ажырасу 16%-ке төмендеген
Соңғы бес жылда ажырасу 16%-ке төмендеген
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, бұл ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артып, отбасын сақтап қалуға ұмтылысын айғақтайды 14.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-14T15:00+0500
2025-09-14T15:00+0500
2025-09-14T15:00+0500
ажырасу
отбасы күні
отбасы
https://sputnik.kz/img/1054/40/10544010_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_e38bbfc363ef0603e91f228c0a3fd696.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Елде ажырасулардың азаю үрдісі байқалуда. Соңғы бес жылда олардың саны шамамен 16%-ке төмендеген. Қазақстандықтарды отбасы күнімен құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бірқатар мәліметтер келтірді.Министр мәліметінше, соңғы бес жылда ажырасу шамамен 16%-ке төмендеді. 2020 жылы – 48,2 мың болса, 2024 жылы – 40,5 мыңға дейін төмендеген. Бұл ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артып, отбасын сақтап қалуға ұмтылысын айғақтайды, деді Балаева.Бұдан басқа отбасы құндылықтарын дамыту бойынша:
https://sputnik.kz/20250122/otirik-azhyrasu-alayaqtyqpen-ten-deputat-zanga-ozgeris-engizudi-talap-etti-50196574.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1054/40/10544010_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5bfee083e6550c16f77ec036a4de8c09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ажырасу, отбасы күні, отбасы
ажырасу, отбасы күні, отбасы
Соңғы бес жылда ажырасу 16%-ке төмендеген
Министрдің айтуынша, бұл ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артып, отбасын сақтап қалуға ұмтылысын айғақтайды
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Елде ажырасулардың азаю үрдісі байқалуда. Соңғы бес жылда олардың саны шамамен 16%-ке төмендеген.
Қазақстандықтарды отбасы күнімен құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бірқатар мәліметтер келтірді.
"Елімізде отбасы институтының нығайып келе жатқаны қуантады. Социологиялық деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі үшін (85–89%) басты құндылық – ерлі-зайыптылар мен балалар арасындағы өзара сүйіспеншілік, сыйластық пен түсіністік. Дәл осы құндылықтар мықты әрі берекелі отбасының негізін қалайды", - деді министр.
Министр мәліметінше, соңғы бес жылда ажырасу шамамен 16%-ке төмендеді. 2020 жылы – 48,2 мың болса, 2024 жылы – 40,5 мыңға дейін төмендеген.
Бұл ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артып, отбасын сақтап қалуға ұмтылысын айғақтайды, деді Балаева.
Бұдан басқа отбасы құндылықтарын дамыту бойынша:
2019 жылдан бастап Жоғарғы Сотпен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттарда "Бақытты отбасы" жобасы жүзеге асырылып келеді;
Неке құрғалы жатқан жұптарға арналған қарым-қатынасты үйлестіруге бағытталған оқыту бағдарламаларына ерекше көңіл бөлінеді;
Ата-ана жауапкершілігін арттырып, бала тәрбиесіне саналы көзқарас қалыптастыруды мақсат еткен "Ата-аналар академиясы" жобасы жұмыс істейді.
Азаматтарды қолдауға отбасы қолдау орталықтары да елеулі үлес қосып отыр. Елімізде 131 орталық жұмыс істейді.