Қарағанды облысында жарты жылда рөлде ұйықтап кету салдарынан 50 адам көз жұмған

© Sputnik/Ертай СарбасовҚарағанды облысында жарты жылда 50 адам рөлде ұйықтап кету салдарынан көз жұмған
Қарағанды облысында жарты жылда 50 адам рөлде ұйықтап кету салдарынан көз жұмған - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2025
Жазылу
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері облыс аумағында 482 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 96 адам қаза тапты
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында жарты жылда 50 адам рөлде ұйықтап кету салдарынан көз жұмған. Облыстық полиция департаменті қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда көлік жүргізушілерімен кезекті рейд жүргізді.
Шара барысында жолда ұзақ уақыт жүрген, шаршаған әрі ұйқылы жүргізушілерге ерекше назар аударылды. Мұндай жағдайларда олардың әрі қарай жүруіне жол берілмей, демалып алу үшін мәжбүрлі түрде тоқтатылды.

"Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері облыс аумағында 482 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 96 адам көз жұмған. Оның ішінде 50-ден астам оқиға жүргізушілердің ұйықтап кетуінен болған", - дейді полиция.

Рейд барысында Қарағанды — Балқаш бағытында 15 көлік тоқтатылып, жүргізушілердің әрі қарай жолға шығуына уақытша шектеу қойылды.
"Жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз облыс прокуратурасымен бірлесіп, жаңа жүйені енгізбекпіз. Яғни 8 сағаттан артық жол жүрген жүргізушілер туралы ақпарат автоматты түрде полиция қызметкерлерінің планшеттеріне түседі. Уақытынан артық жүрген жағдайда, біз оларды тоқтатып, әрі қарай демалғанға дейін жолға шығармаймыз, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Оның айтуынша, жүйе толық іске қосылса, жол-көлік оқиғаларының едәуір азаяды.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Полиция тексеріс шараларын күшейтті
Жаңалықтар
0