https://sputnik.kz/20250913/resey-teledidarynyn-anyzyna-aynalgan-zhurnalist-tatyana-mitkova-70-zhasqa-toldy-57031316.html
Ресей теледидарының аңызына айналған журналист Татьяна Миткова 70 жасқа толды
Ресей теледидарының аңызына айналған журналист Татьяна Миткова 70 жасқа толды
Sputnik Қазақстан
Әріптестері оның жаңашыл стилі мен камерадағы еркіндігіне тәнті болған 13.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-13T12:23+0500
2025-09-13T12:23+0500
2025-09-13T12:32+0500
ресей
тележүргізуші
мерейтой
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0d/57029436_0:0:3068:1727_1920x0_80_0_0_6aa89573a8aa9373168c6bbdf99968df.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Ресей теледидарының аңызына айналған Татьяна Миткова 70 жасқа толды.Мыңдаған хабар жүргізіп, ресейлік көрерменнің ыстық ықыласына бөленген журналист бүгін мерейтойын тойлап жатыр.Миткова 17 жасында теледидарға қызметке келіп, режиссердің көмекшісінен КСРО Орталық телевизиясының жүргізушісіне дейін өсті. Содан кейін ол НТВ телеарнасының бет-бейнесіне айналды. "Жылдам, нақты және шынайы" - ол өз жұмысының негізгі ұстанымдарын осылай көреді. Әріптестері оның жаңашыл стилі мен камерадағы еркіндігіне тәнті болған.Ол өз көзқарасы мен мамандығына адалдығын бірнеше рет дәлелдеді. 2001 жылы, көпшілік НТВ телеарнасынан кеткенде ол қайтып оралып, күні бүгінге дейін сол жерде жұмысын жалғастырып жатыр. Миткова ел тарихындағы ең қиын оқиғаларды, оның ішінде екі шешен соғысы жайында ақпарат таратқан. Бүгінде ол НТВ ақпараттық хабар тарату дирекциясының басшысы және көптеген марапаттардың лауреаты.Оның ең таңғаларлық әрекетінің бірі 2014 жылы Литваның мемлекеттік наградасынан бас тартуы болды. Миткова мұны Литва президенті Грибаускайте тізімнен сызып тастаған "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевті қолдау ретінде жасады. Бұл медальді екі журналист те 1991 жылғы Вильнюс оқиғасынан ақпарат таратқаны үшін 1994 жылы алған.Ол үшін орыс болу "елге қолдау көрсету, халыққа қолдау көрсету, мүмкіндігінше көмектесу, ең бастысы, арам пиғыл жасамау" дегенді білдіреді. Ол арнайы әскери операцияны қолдады және ол канадалық санкцияларға ұшыраған кезде: "Бұдан да жақсы жұмыс істейміз" деді.Жасына қарамастан, Миткова бұл қызметтен кетуді ойлап отырған жоқ: "Мен өмір бойы теледидарда жұмыс істедім, басқа жұмыс істей адмаймын... Жұмыссыздықтан гөрі жұмыста шаршаған жақсы".
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0d/57029436_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_a28aa7d163c8bc9f68d454d4d3e0a320.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, тележүргізуші, мерейтой
ресей, тележүргізуші, мерейтой
Ресей теледидарының аңызына айналған журналист Татьяна Миткова 70 жасқа толды
12:23 13.09.2025 (жаңартылды: 12:32 13.09.2025) Әріптестері оның жаңашыл стилі мен камерадағы еркіндігіне тәнті болған
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Ресей теледидарының аңызына айналған Татьяна Миткова 70 жасқа толды.
Мыңдаған хабар жүргізіп, ресейлік көрерменнің ыстық ықыласына бөленген журналист бүгін мерейтойын тойлап жатыр.
Миткова 17 жасында теледидарға қызметке келіп, режиссердің көмекшісінен КСРО Орталық телевизиясының жүргізушісіне дейін өсті. Содан кейін ол НТВ телеарнасының бет-бейнесіне айналды. "Жылдам, нақты және шынайы" - ол өз жұмысының негізгі ұстанымдарын осылай көреді. Әріптестері оның жаңашыл стилі мен камерадағы еркіндігіне тәнті болған.
Ол өз көзқарасы мен мамандығына адалдығын бірнеше рет дәлелдеді. 2001 жылы, көпшілік НТВ телеарнасынан кеткенде ол қайтып оралып, күні бүгінге дейін сол жерде жұмысын жалғастырып жатыр. Миткова ел тарихындағы ең қиын оқиғаларды, оның ішінде екі шешен соғысы жайында ақпарат таратқан. Бүгінде ол НТВ ақпараттық хабар тарату дирекциясының басшысы және көптеген марапаттардың лауреаты.
Оның ең таңғаларлық әрекетінің бірі 2014 жылы Литваның мемлекеттік наградасынан бас тартуы болды. Миткова мұны Литва президенті Грибаускайте тізімнен сызып тастаған "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевті қолдау ретінде жасады. Бұл медальді екі журналист те 1991 жылғы Вильнюс оқиғасынан ақпарат таратқаны үшін 1994 жылы алған.
Ол үшін орыс болу "елге қолдау көрсету, халыққа қолдау көрсету, мүмкіндігінше көмектесу, ең бастысы, арам пиғыл жасамау" дегенді білдіреді. Ол арнайы әскери операцияны қолдады және ол канадалық санкцияларға ұшыраған кезде: "Бұдан да жақсы жұмыс істейміз" деді.
Жасына қарамастан, Миткова бұл қызметтен кетуді ойлап отырған жоқ: "Мен өмір бойы теледидарда жұмыс істедім, басқа жұмыс істей адмаймын... Жұмыссыздықтан гөрі жұмыста шаршаған жақсы".