Қостанай облысында жұмысшыларды топырақ басып қалды: бір адам көз жұмды

© Photo : Sergek GroupМобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау
Мобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында магистральді су құбырын жөндеу кезінде жұмысшыларды топырақ басып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқыс жағдайдан бір жұмысшы көз жұмды. Ол Рудный қаласының ауруханасына жеткізілген. Өкінішке қарай жұмысшы қайтыс болды.
Қайғылы оқиға Рудный қаласында 13 тамызда болған. Жұмысшылар апатты қалпына келтіріп жатқанда топырақ опырылып құлаған.
"Еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адамның қаза болуына байланысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жасалды", - дейді Қостанай облыстық полиция департаменті.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Петропавлда жұмысшыны топырақ басып қалды
Жаңалықтар
0