Қазанда Қазақстанның Ресейдегі мәдениеті күндері өтеді

© Посольство России в Казахстане
Жазылу
Аида Балаева мен Ольга Любимова форумда кездесті
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. 2025 жылдың 11 қыркүйегі күні Санкт-Петербургте (РФ) Он бірінші халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлады Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Форум жұмысына мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған Қазақстан делегациясы қатысты. Министр форум барысында мәдениет саяси құрал емес, рухани бірлікке, жасампаздыққа және шабытқа жетелейтін қайнар көз екенін атап өтті.

Аида Балаева Санкт-Петербургтегі халықаралық біріккен мәдениеттер форумына қатысты
Аида Балаева мәдени кеңістіктің тәуелсіздігі мен тазалығын сақтауға бағытталған бірлескен шаралар қабылдауды ұсынды. Ол негізгі мүмкіндіктер ретінде мәдениеттің білім беру функцияларын, мәдени дипломатияны, креативті экономиканы және цифрлық технологияларды атады.
"Соңғы онжылдықтарда жаһандану, цифрландыру, урбанизация біздің өмірімізді күрт өзгертіп жатыр. Бұл процестер ынтымақтастыққа жаңа жол ашақанымен, дәстүр мен тарихи жадтың жоғалуына да қауіп төндіреді. Сондықтан мәдениетке оралу мұраны сақтауды ғана емес, оны заманауи әлемге бейімделудің айқын көрінісі", – деді министр.
Форум аясында Аида Балаеваның Ресей Федерациясының мәдениет министрі Ольга Любимовамен екіжақты кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайын және перспективасын талқылады. Аида Балаева ресейлік тарапқа мәдени бастамаларды тұрақты қолдап келе жатқаны үшін алғыс білдіріді.

Аида Балаева мен Ольга Любимова Санкт-Петербургтегі халықаралық біріккен мәдениеттер форумында кездесті
Қазан айында өтетін Ресейдегі Қазақстан мәдениеті күндерінің бағдарламасы мазмұнды болғалы тұр.
Жаңа Третьяков галереясында Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің коллекциясынан алынған шедеврлер көрмесі ашылады. Кіші театр сахнасында заманауи философиялық драма "Парасат майданы" ұсынылады. Бұл күндері ресейлік көрермен Қазақстан киносы мен заманауи қазақстандық кинематографияның жаңа есімдерімен және өзекті тақырыптарымен танысады.

Аида Балаева мен Ольга Любимова Санкт-Петербургтегі халықаралық біріккен мәдениеттер форумында кездесті
Қазақстан мәдениеті күндерінің қорытынды іс-шарасы Қазақстан өнерпаздары қатысатын Гала-концертпен аяқталмақ.