Бірнеше қаланың мешітінде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Жазылу
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысының полицейлері "гастролёр-ұрыны" ұстады, деп хабарлайды облыстық полиця департаментінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласында Шымкенттің 20 жастағы тұрғынын ұстады. Ол еліміздің бірнеше өңірінде жасалған ұрлық қылмыстарына қатысы бар деген күдікке ілінді.
"Алдын ала дерек бойынша, күдікті Қарағандыдағы сауда орталықтарының біріндегі зергерлік бұйымдар сататын орыннан әшекей заттарды және жергілікті мешіттердің бірінен қолсөмкені ұрлаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 800 мың теңгеге бағаланып отыр", - дейді ведомстводағылар.
Тергеу кезінде ол Астана мен Алматы қалаларындағы мешіттерде жасалған тағы екі ұрлық дерегін мойындады. Ол әртүрлі өңірлерде қылмыстық әрекетпен жүйелі түрде айналысқан.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кинолог и собака-спасатель Джейкоб - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2025
Қызметтік иттердің көмегімен мыңнан астам ұрлық ашылды
Жаңалықтар
0