Зейнетақы жинағынан тіс емдету тоқтатылады

© Photo : акимат Актюбинской области Зейнетақы жинағынан тіс емдету тоқтатылады
Зейнетақы жинағынан тіс емдету тоқтатылады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2025
Жазылу
Өзгерістер туралы Отбасы банкінің ресми сайты жариялады
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге аудару қызметі тоқтатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде жинақтарды баспана алуға және тіс емдеуге жұмсауға рұқсат бар. Бірақ келесі аптадан бастап соңғы қызметті тоқтатуға шешім қабылданды.

"2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді", - делінген Отбасын банкінің ресми сайтында.

Осы қызмет бойынша өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланады.
Айта кетері, бұған дейін тура сондай алты айлық шектеу болған. Сол кезде денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарының есебінен стамотологиялық қызмет көрсетуді тоқтатудың себебін түсіндірген болатын.
Пациент во время операции в клинической стоматологической поликлиники, архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2024
Зейнетақы жинағынан тіс емдету қызметі 6 айға тоқтатылды: министрлік себебін айтты
Жаңалықтар
0