ШҚО-да 19 шетел азаматы бағалы металдарды заңсыз өндірген

© Photo : полицияШҚО-да 19 шетел азаматы бағалы металдарды заңсыз өндірген
ШҚО-да 19 шетел азаматы бағалы металдарды заңсыз өндірген  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2025
Жазылу
Заңсыз іске қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексеріліп жатыр
АЛМАТЫ, 11 қыркүйек - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қымбат металдарды заңсыз өндірген 19 шетелдік азамат ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

"Облыс аудандарының бірінде 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталды. Қымбат металдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, сондай-ақ құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленді", - дейді ведомство.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңсыз іске қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексеріліп жатыр.
Дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар жасалған.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2025
Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірген 6 адам ұсталды
Жаңалықтар
0