Қазақстандық балалардың 90 пайызы ата-анасымен ашық сөйлеседі - министрлік

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстандық балалардың 90 пайызы ата-анасымен ашық сөйлеседі - министрлік
Қазақстандық балалардың 90 пайызы ата-анасымен ашық сөйлеседі - министрлік  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2025
Жазылу
Оқу-ағарту министрлігі сауалнама жүргізді
АЛМАТЫ, 11 қыркүйек - Sputnik. Балалардың әл-ауқаты индексінің қорытындылары аясында ауқымды әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Сауалнамаға балалар, ата-аналар және педагогтер қатысты, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Нәтижесінде жасөспірімдердің 85%-і өз өміріне қанағаттанады, олардың құқықтық қорғалу деңгейі 90%-дан жоғары.
"Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, балалардың құқықтық қорғалуының орташа деңгейі 90,3%-ті құрады. Бұл олардың өз құқықтары туралы хабарының жоғары екенін және өздерін қорғай алатын көрсетеді", - дейді министрлік.
Сауалнама барысында жасөспірімдердің өз өміріне қанағаттану деңгейі анықталды. Орта есеппен 10–18 жастағы балалардың 85%-і өзінің әлеуметтік және психологиялық жағдайын оң бағалаған. Бұл бағытта ең жоғары нәтиже:
Қостанай облысында (90,1%);
Шымкент қаласында (88,7%);
Қызылорда облысында (88,5%) тіркелген.
Министрліктің мәліметінше, жасөспірімдердің 90,4%-і ата-анасымен ашық сөйлесіп, ой-пікірін бөлісе алады.
Жасанды интеллектіні жазбаша жұмыстарда қолданған оқушылар тексерілуі мүмкін - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2025
Жасанды интеллектіні жазбаша жұмыстарда қолданған оқушылар тексерілуі мүмкін
Жаңалықтар
0