https://sputnik.kz/20250911/mangystauda-munay-salasynda-aqsha-zhymqyrgandar-sottaldy-56990769.html
Маңғыстауда мұнай саласында ақша жымқырғандар сотталды
Маңғыстауда мұнай саласында ақша жымқырғандар сотталды
Sputnik Қазақстан
Бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кәсіпорын бас директорының орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды 11.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-11T19:32+0500
2025-09-11T19:32+0500
2025-09-11T19:32+0500
мұнай
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_2743cd4624635c850046076be1e91418.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстаудағы мұнай-газ саласында бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.Өткен жылы Маңғыстау облысының прокуратурасы мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда тексерулер жүргізілді."Нәтижесінде "Oil Services Company" ЖШС-нің қызметінде жабдықтарды қабылдау кезінде заң бұзушылықтар анықталып, қадағалау органы материалдарының негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер болды", - деді ведомстводағылар.Тергеп-тексеру кезінде кәсіпорын мен мердігер ұйымның басшылық құрамындағы үш адам ұсталды. Сот үкімімен аталған адамдардың барлығы кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлеріне тартылды."Атап айтқанда, бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кәсіпорын бас директорының орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ кәсіпорынның бөлім басшысы мен мердігер компанияның директоры 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - дейді прокуратурадағылар.
https://sputnik.kz/20250905/ulytau-oblysynda-marikhuana-satpaq-bolgan-eki-adam-sottaldy-56851587.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_fa3e44147d42acd286ef39503d6b2ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, прокуратура
Маңғыстауда мұнай саласында ақша жымқырғандар сотталды
Бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кәсіпорын бас директорының орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстаудағы мұнай-газ саласында бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Өткен жылы Маңғыстау облысының прокуратурасы мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда тексерулер жүргізілді.
"Нәтижесінде "Oil Services Company" ЖШС-нің қызметінде жабдықтарды қабылдау кезінде заң бұзушылықтар анықталып, қадағалау органы материалдарының негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер болды", - деді ведомстводағылар.
Тергеп-тексеру кезінде кәсіпорын мен мердігер ұйымның басшылық құрамындағы үш адам ұсталды. Сот үкімімен аталған адамдардың барлығы кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлеріне тартылды.
"Атап айтқанда, бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кәсіпорын бас директорының орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ кәсіпорынның бөлім басшысы мен мердігер компанияның директоры 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - дейді прокуратурадағылар.