https://sputnik.kz/20250911/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-11-qyrkuyek-56970752.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 11 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 11 қыркүйек
Sputnik Қазақстан
Бұл Григориан күнтізбесі бойынша 254-ші күн, жыл соңына дейін 111 күн бар. 11.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-11T00:01+0500
2025-09-11T00:01+0500
2025-09-11T00:01+0500
танымал есімдер
қызықты деректер
танымал тұлғалар
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
https://sputnik.kz/img/1144/59/11445906_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_30151c0393c44cd95d8e4055118aed63.jpg
11 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.Әлемде 11 қыркүйекте қызықты не болдыБүгін Ресей эскадрильясының Тендра мүйісіндегі Жеңіс күнін (1790) немесе Әскери Даңқ күнін атаалады. Бұл мерекені бүкіл Ресей орыс эскадрильясының түрік эскадрильясын орыс-түрік соғысында (1787-1791) Тендра мүйісіндегі жеңісінің құрметіне тойлайды. Мереке 1995 жылы 13 наурызда Федералдық заңмен бекітілген.Аргентинада бұл күн Ұлттық мұғалімдер күні ретінде тойланады. Сонымен қатар Ресейде қырлы стақан күні ретінде де белгілі. Себебі, 1943 жылы Гусь-Хрустальныйдағы шыны зауытында КСРО-дағы алғашқы қырлы стақан дайындалып шығарылды.2001 жылы Нью-Йорк пен Вашингтондағы лаңкестік шабуылдарда қаза тапқандарды еске алу құрметіне АҚШ-та 11 қыркүйек Патриот күні ретінде күнтізбеге енген. Каталонияда Барселонаның қоршаудан шығып, азат етілуінің еске алуға арналған Каталонияның ұлттық күні ртеінде тойланады.11 қыркүйекте әлемде қандай тарихи оқиғалар болды1609 - Ағылшын теңіз жүзушісі Генри Гудзон Манхэттен аралын ашты;1888 ж. – Торонтодағы өнеркәсіптік көрменің ашылуында адам дауысының әлемдегі алғашқы жазбасы жасалды;1930 - Ағылшын жазушысы Агата Кристи археолог Макс Маллоуанға тұрмысқа шықты;1941 жылы Пентагон құрылысы басталды. Пентагон - АҚШ қорғаныс министрлігінің дұрыс бесбұрыш пішінді ғимараты.2001 - "Әл-Каида" террористік ұйымы АҚШ-та теракт жасады. Лаңкестер төрт жолаушы лайнерін басып алып, оның екеуін Дүниежүзілік сауда орталығының қос мұнарасына соқты. Шабуылдан 3 мыңға жуық адам көз жұмды.11 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1883 – Семей өлкетану мұражайы құрылды. Абай Құнанбайұлы мұражайды ұйымдастыруға атсалысып, мұражайға қазақтың киіз үйін барлық жиһаздарымен сыйға тартты;1993 ж. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің алқасы Атырау облысының Теңіз ауданын Құрманғазин деп атауын өзгерту жөнінде қаулы қабылдады.11 қыркүйекте Қазақстанда кім туды1862 жылы америкалық жазушы О.Генри (шын есімі Уильям Сидни Портер) дүниеге келді;1877 жылы революционер, кеңестік мемлекет қайраткері, бірнеше халық комиссариаттарының басшысы Феликс Дзержинский дүниеге келді;1882 жылы орыс кеңес жазушысы, балалар кітаптарының авторы Борис Житков дүниеге келді;1914 жылы Серб патриархы (1990-2009) Павел Гойко Стойчевич дүниеге келді;1935 жылы №2 ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры Герман Титов дүниеге келді;1935 жылы кеңестік және эстон композиторы Арво Пярт дүниеге келді;1937 жылы кеңестік және ресейлік эстрада әншісі (баритон), музыкалық және қоғам қайраткері, педагог Иосиф Кобзон дүниеге келді;1961 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, әнші, продюсер Федор Добронравов дүниеге келді.11 қыркүйекте Қазақстанда кім туды1936 жылы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының құрметті директоры қызметін атқарған, бірқатар басым ғылыми бағыттың негізін қалаушы, танымал ұстаз және кең профильді жоғары білікті хирург, Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Камал Ормантаев дүниеге келді;1950 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры қызметін атқарған Әубәкір Рахымов дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1144/59/11445906_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_e003aa87782c866476a18108a44c0483.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 11 қыркүйек
Бұл Григориан күнтізбесі бойынша 254-ші күн, жыл соңына дейін 111 күн бар.
11 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
Әлемде 11 қыркүйекте қызықты не болды
Бүгін Ресей эскадрильясының Тендра мүйісіндегі Жеңіс күнін (1790) немесе Әскери Даңқ күнін атаалады. Бұл мерекені бүкіл Ресей орыс эскадрильясының түрік эскадрильясын орыс-түрік соғысында (1787-1791) Тендра мүйісіндегі жеңісінің құрметіне тойлайды. Мереке 1995 жылы 13 наурызда Федералдық заңмен бекітілген.
Аргентинада бұл күн Ұлттық мұғалімдер күні ретінде тойланады.
Сонымен қатар Ресейде қырлы стақан күні ретінде де белгілі. Себебі, 1943 жылы Гусь-Хрустальныйдағы шыны зауытында КСРО-дағы алғашқы қырлы стақан дайындалып шығарылды.
2001 жылы Нью-Йорк пен Вашингтондағы лаңкестік шабуылдарда қаза тапқандарды еске алу құрметіне АҚШ-та 11 қыркүйек Патриот күні ретінде күнтізбеге енген.
Каталонияда Барселонаның қоршаудан шығып, азат етілуінің еске алуға арналған Каталонияның ұлттық күні ртеінде тойланады.
11 қыркүйекте әлемде қандай тарихи оқиғалар болды
1609 - Ағылшын теңіз жүзушісі Генри Гудзон Манхэттен аралын ашты;
1888 ж. – Торонтодағы өнеркәсіптік көрменің ашылуында адам дауысының әлемдегі алғашқы жазбасы жасалды;
1930 - Ағылшын жазушысы Агата Кристи археолог Макс Маллоуанға тұрмысқа шықты;
1941 жылы Пентагон құрылысы басталды. Пентагон - АҚШ қорғаныс министрлігінің дұрыс бесбұрыш пішінді ғимараты.
2001 - "Әл-Каида" террористік ұйымы АҚШ-та теракт жасады. Лаңкестер төрт жолаушы лайнерін басып алып, оның екеуін Дүниежүзілік сауда орталығының қос мұнарасына соқты. Шабуылдан 3 мыңға жуық адам көз жұмды.
11 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1883 – Семей өлкетану мұражайы құрылды. Абай Құнанбайұлы мұражайды ұйымдастыруға атсалысып, мұражайға қазақтың киіз үйін барлық жиһаздарымен сыйға тартты;
1993 ж. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің алқасы Атырау облысының Теңіз ауданын Құрманғазин деп атауын өзгерту жөнінде қаулы қабылдады.
11 қыркүйекте Қазақстанда кім туды
1862 жылы америкалық жазушы О.Генри (шын есімі Уильям Сидни Портер) дүниеге келді;
1877 жылы революционер, кеңестік мемлекет қайраткері, бірнеше халық комиссариаттарының басшысы Феликс Дзержинский дүниеге келді;
1882 жылы орыс кеңес жазушысы, балалар кітаптарының авторы Борис Житков дүниеге келді;
1914 жылы Серб патриархы (1990-2009) Павел Гойко Стойчевич дүниеге келді;
1935 жылы №2 ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры Герман Титов дүниеге келді;
1935 жылы кеңестік және эстон композиторы Арво Пярт дүниеге келді;
1937 жылы кеңестік және ресейлік эстрада әншісі (баритон), музыкалық және қоғам қайраткері, педагог Иосиф Кобзон дүниеге келді;
1961 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, әнші, продюсер Федор Добронравов дүниеге келді.
11 қыркүйекте Қазақстанда кім туды
1936 жылы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының құрметті директоры қызметін атқарған, бірқатар басым ғылыми бағыттың негізін қалаушы, танымал ұстаз және кең профильді жоғары білікті хирург, Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Камал Ормантаев дүниеге келді;
1950 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры қызметін атқарған Әубәкір Рахымов дүниеге келді.