"Брусчатка" ауыстыра беру - ысырапшылдық": депутаттар президенттің сөзін еске алды

© Sputnik / Санат ИмангалиевЖөндеу жұмыстарвы
Жөндеу жұмыстарвы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2025
Жазылу
Соның кесірінен орталықтан бюджетті қосымша қайта бөлуге тура келеді
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Депутаттар үш жылдық республикалық бюджетті қарау кезінде "брусчатка" ауыстыра беретін әкімдерді еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Депутат Дания Еспаева ондай әрекеттерді ысырапшылдыққа теңеді.
"Президент әкімдіктер өңірлерге корпоративтік салықтардан түскен қаражатты көше бойындағы тас тақтайшалар салу сияқты тиімсіз жобаларға бағыттағанын атап өтті. Мұндай ысырапшылдық жылумен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру секілді қоғамдық маңызы бар салаларды толық қаржыландырмауға әкеп соғады", - деді Еспаева.
Оның айтуынша, соның кесірінен орталықтан бюджетті қосымша қайта бөлуге тура келеді.
Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында "брусчатка" төсеуді тиімсіз жобалар деп атады.
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2025
Президент жолдауы: парламент палаталарының бірлескен отырысы шақырылды
Жаңалықтар
0