https://sputnik.kz/20250910/zhardemaqy-men-tegin-kolik-qatardagy-qazaqstandyqtar-kelisimshartpen-qorgalady--56949409.html
Жәрдемақы мен тегін көлік: Қатардағы қазақстандықтар келісімшартпен қорғалады
Жәрдемақы мен тегін көлік: Қатардағы қазақстандықтар келісімшартпен қорғалады
Sputnik Қазақстан
Қатарда үлгілік шартта көрсетілген талаптар орындалмаса, министрлікке цифрлық платформа арқылы арыздануға болады 10.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-10T11:51+0500
2025-09-10T11:51+0500
2025-09-10T11:52+0500
мәжіліс
еңбек шарты
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/old/876/32/8763294_0:185:2985:1864_1920x0_80_0_0_bcc1bd618d8dd92eb9128ef6a8d1f56b.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Қатарға барған қазақстандықтарды жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, келісім қосымшасында қазақстандық азаматтарды Қатарда жұмысқа қабылдауға арналған үлгілік еңбек шарты бекітілген. Үлгілік еңбек шартында жұмыс берушінің міндеттері де көрсетілген. Олар:Ал жұмысшы өз еркімен кетем десе, сондай-ақ, теріс қылық жасаған жағдайда үлгілік еңбек шартын бұзуға рұқсат бар. Қатарда үлгілік шартта көрсетілген талаптар орындалмаса, еңбек және халықты қорғау министрлігіне цифрлық платформа арқылы арыздануға болады. Себебі екі ел арасындағы халықаралық келісім жергілікті заңнамадан жоғары тұрады. Мәжіліс депутаттары келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдап, сенаттың қарауына жіберді.
https://sputnik.kz/20250624/syrtqy-ister-ministrligi-qazaqstan-azamattaryna-undeu-zhariyalady-55053018.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/876/32/8763294_128:0:2859:2048_1920x0_80_0_0_06c30c960f756da0476aea469aabb261.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс, еңбек шарты, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
мәжіліс, еңбек шарты, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Жәрдемақы мен тегін көлік: Қатардағы қазақстандықтар келісімшартпен қорғалады
11:51 10.09.2025 (жаңартылды: 11:52 10.09.2025) Қатарда үлгілік шартта көрсетілген талаптар орындалмаса, министрлікке цифрлық платформа арқылы арыздануға болады
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Қатарға барған қазақстандықтарды жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, келісім қосымшасында қазақстандық азаматтарды Қатарда жұмысқа қабылдауға арналған үлгілік еңбек шарты бекітілген.
“Бұл еңбек шартының ережелеріне қандай да бір өзгерістер енгізуге Қатардағы жұмыс берушінің құқығы жоқ”, - деді Жақыпова мәжілістің бүгінгі отырысында.
Үлгілік еңбек шартында жұмыс берушінің міндеттері де көрсетілген. Олар:
тұрғын үй беру немесе тұруға жәрдемақы төлеу;
жұмыс орнына дейін және кері қайту үшін тегін көлік ұсыну не көлік жәрдемақысын төлеу;
Қатар заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсету;
жыл сайынғы демалысты қоса алғанда, жұмысқа орналасу және еңбек шартының аяқталуы кезінде ұшуға ақы төлеу бойынша жұмыскерді қамтамасыз ету.
Ал жұмысшы өз еркімен кетем десе, сондай-ақ, теріс қылық жасаған жағдайда үлгілік еңбек шартын бұзуға рұқсат бар.
Қатарда үлгілік шартта көрсетілген талаптар орындалмаса, еңбек және халықты қорғау министрлігіне цифрлық платформа арқылы арыздануға болады. Себебі екі ел арасындағы халықаралық келісім жергілікті заңнамадан жоғары тұрады.
Мәжіліс депутаттары келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдап, сенаттың қарауына жіберді.