Семей қаласындағы мектепте 60 мың кітап қоры бар "Абай кітапханасы" ашылды

Семей қаласындағы мектепте 60 мың кітап қоры бар "Абай кітапханасы" ашылды
Семей қаласындағы мектепте 60 мың кітап қоры бар Абай кітапханасы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Жазылу
Оның 30 мыңы – көркем әдебиет, ал қалғаны – 1-11 сыныпқа арналған қазақ және орыс тіліндегі оқулықтар
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Семей қаласы №35 жалпы білім беретін мектепте заманауи үлгідегі "Абай кітапханасы" ашылды, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Жаңа кітапхана "Алматы кітап" баспасының қолдауымен жүзеге асты.
Семей қаласындағы мектепте 60 мың кітап қоры бар "Абай кітапханасы" ашылды
Семей қаласындағы мектепте 60 мың кітап қоры бар Абай кітапханасы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Семей қаласындағы мектепте 60 мың кітап қоры бар "Абай кітапханасы" ашылды

"Кітапхана 6,5 миллион теңгеге толық жабдықталып, оқушылар үшін барлық жағдай жасалды. Мұнда 60 мың кітап қоры жинақталған. Оның 30 мыңы – көркем әдебиет, ал қалғаны – 1-11 сыныпқа арналған қазақ және орыс тіліндегі оқулықтар. Жаңа кеңістікте арнайы қойма, ыңғайлы оқу аймақтары және интерактивті тақта орнатылған", - дейді ведомстводағылар.

Ашылу рәсіміне Абай облысы білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков қатысты.
Семей қаласындағы мектепте 60 мың кітап қоры бар "Абай кітапханасы" ашылды
Семей қаласындағы мектепте 60 мың кітап қоры бар Абай кітапханасы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Семей қаласындағы мектепте 60 мың кітап қоры бар "Абай кітапханасы" ашылды
"Абайдың сөзі – мәңгілік, мұрасы – сарқылмас қазына. Әрбір кітап жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, елдік рухты күшейтуге қызмет етеді. Оқушылар бұл жерде оқулық қана емес, үлкен өмірге жол көрсететін Абайдың даналығын да табуы тиіс. Биыл Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында меценаттықтың қоғам үшін маңызын атап өтті. Осындай игілікті істі жүзеге асырып отырған "Алматы кітап" баспасының қолдауы – соның нақты көрінісі", – деді басқарма басшысы.
Шараға мектептің оқушылары қатысып, Абай шығармаларынан үзінділер оқыды.
Семей қаласындағы мектепте 60 мың кітап қоры бар "Абай кітапханасы" ашылды
Семей қаласындағы мектепте 60 мың кітап қоры бар Абай кітапханасы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Семей қаласындағы мектепте 60 мың кітап қоры бар "Абай кітапханасы" ашылды
№35 мектеп 1961 жылы салынған. Мұнда 132 педагог қызмет атқарады, 1400-ге жуық оқушы білім алады. Мектепте "Абай клубы" және әжелерден құралған "Зере" клубы жұмыс істейді.
Өңірде мектеп кітапханаларын дамыту жұмысы жалғасады. Абай облысының ауылдық мектептеріне 40 жылжымалы кітапхана станциясы жеткізіледі, дейді білім басқармасының баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысында 1 минутта мың сөз оқитын Самир Валерий - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
"Кітап аз": 17 мың сөзді 1 минутта оқитын оқушы пікірімен бөлісті
Жаңалықтар
0