https://sputnik.kz/20250910/oblys-akimi-alakoldegi-kelesi-shomylu-mausymyna-dayyndyqty-qazirden-bastaudy-tapsyrdy-56969501.html
Облыс әкімі Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындықты қазірден бастауды тапсырды
Облыс әкімі Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындықты қазірден бастауды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Алакөл жағалауында жұмыс тобы құрылып, 2026 жылғы маусымға дайындық алгоритмі әзірленеді 10.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-10T22:45+0500
2025-09-10T22:45+0500
2025-09-10T22:45+0500
алакөл
әкімдік
қаржыландыру
https://sputnik.kz/img/07e8/07/10/45670736_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_57db0b6b1bb27c54e4397059ca68c83f.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Абай облысының әкімі Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындықты қазірден бастауды тапсырды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Ведомство мәліметінше, биыл Алакөлдің инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар жоба жүзеге асырылды.2018 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген жағалауды абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 658 млн теңге бөлініп, Арбат алаңы жөнделді. Сонымен қатар 25 киім ауыстыратын орын, 50 контейнер, 2 биодәретхана, 3 заманауи дәретхана орнатылып, 7 пирстің 3-еуі пайдалануға берілді. Жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылысы аяқталды.Әкімдіктегі жиында жағалауды нығайту, электр желісін тарту, қоқыс полигонын салу, құтқарушылар мен полиция қызметін күшейту, қосымша санитарлық тораптар орнату, автотұрақтар ашу қажеттігі айтылды.Облыс басшысы Берік Уәли өңірдің туристік әлеуеті зор, әсіресе Алакөл көлі жағалауы ерекше маңызға ие екенін айтты. Дегенмен, президент биыл бірқатар кемшілікке назар аударып, тиісті сын-ескертпелерін айтқанын еске салды.Аймақ басшысы Алакөл жағалауында жұмыс тобын құрып, 2026 жылғы маусымға дайындық алгоритмін әзірлеуді, Алакөлді күтіп-ұстауға қажетті қаражатты алдын ала бөлуді және озық елдердің тәжірибесін қарастыруды тапсырды.
https://sputnik.kz/20250618/biyl-zhazda-240-myn-turist-alakolge-poyyzben-barady-54814324.html
алакөл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/10/45670736_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_a3257bab0401b553dd6ee90b8010a200.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алакөл, әкімдік, қаржыландыру
алакөл, әкімдік, қаржыландыру
Облыс әкімі Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындықты қазірден бастауды тапсырды
Алакөл жағалауында жұмыс тобы құрылып, 2026 жылғы маусымға дайындық алгоритмі әзірленеді
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Абай облысының әкімі Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындықты қазірден бастауды тапсырды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, биыл Алакөлдің инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар жоба жүзеге асырылды.
2018 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген жағалауды абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 658 млн теңге бөлініп, Арбат алаңы жөнделді. Сонымен қатар 25 киім ауыстыратын орын, 50 контейнер, 2 биодәретхана, 3 заманауи дәретхана орнатылып, 7 пирстің 3-еуі пайдалануға берілді. Жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылысы аяқталды.
Әкімдіктегі жиында жағалауды нығайту, электр желісін тарту, қоқыс полигонын салу, құтқарушылар мен полиция қызметін күшейту, қосымша санитарлық тораптар орнату, автотұрақтар ашу қажеттігі айтылды.
Облыс басшысы Берік Уәли өңірдің туристік әлеуеті зор, әсіресе Алакөл көлі жағалауы ерекше маңызға ие екенін айтты. Дегенмен, президент биыл бірқатар кемшілікке назар аударып, тиісті сын-ескертпелерін айтқанын еске салды.
"Алдағы 2026 жылы біз барлық олқылықтар мен қателіктерді ескеріп, олардың қайталануына жол бермеуіміз қажет. Бұл үшін жүйелі жоспар, тиімді бақылау және барлық деңгейдегі жауапты органдардың үйлесімді жұмысы керек. Сондықтан дайындықты қазірден бастауымыз қажет", - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы Алакөл жағалауында жұмыс тобын құрып, 2026 жылғы маусымға дайындық алгоритмін әзірлеуді, Алакөлді күтіп-ұстауға қажетті қаражатты алдын ала бөлуді және озық елдердің тәжірибесін қарастыруды тапсырды.