Тоқаев Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда ғимараты
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2025
Жазылу
Доханың орталығында Хамас тұратын ғимарат жартастары жарылған
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады, деп хабарлады Ақорда.
"Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді"., - деп жазылған хабарламада
Бүгін Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Катарда жүрген палестиналық ХАМАС қозғалысының жетекшілеріне соққы жасады, деп хабарлады Израиль телеарнасы.
Катар сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Маджид бен Мұхаммед әл-Ансари Дохадағы ХАМАС саяси бюросының мүшелеріне жасалған шабуылға Израиль жауапты екенін растады.
Министрлік бұл шабуылды "қорқақтық" деп бағалап, оның қала тұрғындарына қауіп төндіретінін баса айтты.
Жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2025
Тоқаев көшеде жаға жыртысатындарды сынға алды
Жаңалықтар
0