https://sputnik.kz/20250908/zhambyl-turgyny-aleumettik-zheli-arqyly-tanysqan-zhigitke-14-mln-tenge-nesie-alyp-bergen---56907090.html
Жамбыл тұрғыны әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітке 1,4 млн теңге несие алып берген
Жамбыл тұрғыны әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітке 1,4 млн теңге несие алып берген
Sputnik Қазақстан
Жігіт Түркияда операция жасатуға қомақты қаржы керек екенін айтқан 08.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-08T16:11+0500
2025-09-08T16:11+0500
2025-09-08T16:12+0500
несие
әлеуметтік желілер
танысу
алаяқ
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/11/59657235_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_230a6781bce2a53c1dff30b1ff7481c8.jpg
АЛМАТЫ, 8 қыркүйек - Sputnik. Жамбыл облысында қыз әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітке 1,4 млн теңге несие алып берген. Алаяққа алданғанын түсінген ол сотқа жүгінеді. Қыз маусым айында "TikTok" әлеуметтік желісінде жігітпен танысқан. Жігіт әңгіме барысында өмірлік қиындыққа тап болғанын айтып, қыздан қарыз сұраған. Танысқанына екі-ақ апта болған қыз ер адамға бірнеше банктен несие рәсімдеп, ақшасын аударып.Қыз сотқа жауапкерден 1,4 млн теңге мөлшеріндегі қарыз сомасын қайтаруды және 1 млн теңге моральдық зиян өтеуін сұраған. "Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді. Келісімге сәйкес жауапкер талап қоюшыға қарыз сомасын төлеуге міндеттеледі", - дейді ведомство.
https://sputnik.kz/20250822/astana-turgyny-kreditke-alyngan-kolikterdi-reseyde-zansyz-satyp-zhibergen-56507677.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/11/59657235_289:0:1249:720_1920x0_80_0_0_612df84ca2787dfc989418f78edefb0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
несие, әлеуметтік желілер, танысу, алаяқ, жамбыл облысы
несие, әлеуметтік желілер, танысу, алаяқ, жамбыл облысы
Жамбыл тұрғыны әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітке 1,4 млн теңге несие алып берген
16:11 08.09.2025 (жаңартылды: 16:12 08.09.2025) Жігіт Түркияда операция жасатуға қомақты қаржы керек екенін айтқан
АЛМАТЫ, 8 қыркүйек - Sputnik. Жамбыл облысында қыз әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітке 1,4 млн теңге несие алып берген. Алаяққа алданғанын түсінген ол сотқа жүгінеді.
Қыз маусым айында "TikTok" әлеуметтік желісінде жігітпен танысқан. Жігіт әңгіме барысында өмірлік қиындыққа тап болғанын айтып, қыздан қарыз сұраған. Танысқанына екі-ақ апта болған қыз ер адамға бірнеше банктен несие рәсімдеп, ақшасын аударып.
"Ол Түркияға операцияға баратынын, оралғаннан кейін қарызын қайтаратынын, операциядан кейін хабарласатынын айтып байланысқа шықпай қойған", - делінген хабарламада.
Қыз сотқа жауапкерден 1,4 млн теңге мөлшеріндегі қарыз сомасын қайтаруды және 1 млн теңге моральдық зиян өтеуін сұраған.
"Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді. Келісімге сәйкес жауапкер талап қоюшыға қарыз сомасын төлеуге міндеттеледі", - дейді ведомство.