https://sputnik.kz/20250908/tauga-shygyp-qayta-tuse-almagan-qaragandy-oblysynda--zhasospirimder-qutqaryldy-56899169.html
Тауға шығып, қайта түсе алмаған: Қарағанды облысында жасөспірімдер құтқарылды
Тауға шығып, қайта түсе алмаған: Қарағанды облысында жасөспірімдер құтқарылды
Sputnik Қазақстан
Оқиға орнына жету үшін құтқарушылар түні бойы қауіпсіз жол іздеді 08.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-08T13:10+0500
2025-09-08T13:10+0500
2025-09-08T14:53+0500
тау
құтқару
қарағанды
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/05/28217002_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_fd685937ae61e3cd3d2d7f24e7152cb5.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында тауға шығып түсе алмай қалған балалар құтқарылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.Жасөспірімдер 600 метр биік жартасқа шығып кетіп, қайта түсе алмай қалған.Жасөспірімдер кешкісін теңіз деңгейінен шамамен 600 метр биіктікке көтерілген, алайда түсу кезінде бағыттарын жоғалтып, қауіпті жартасты аймақта қалып қойған."Оқиға орнына жету үшін құтқарушылар түні бойы қауіпсіз жол іздеді. Бектау-Ата шатқалы — жартасты тау, мұнда қозғалыс жартастар мен тік беткейлердің салдарынан қиындады. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында балалар аман-есен төменге түсірілді", - дейді құтқарушылар.Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмады.
https://sputnik.kz/20250824/turkistan-oblysynda-zhogalgan-6-turist-qutqaryldy-56563103.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/05/28217002_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_c812d9d8ba0d5b9a6378ae9cd48b6b49.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тау, құтқару, қарағанды
Тауға шығып, қайта түсе алмаған: Қарағанды облысында жасөспірімдер құтқарылды
13:10 08.09.2025 (жаңартылды: 14:53 08.09.2025) Оқиға орнына жету үшін құтқарушылар түні бойы қауіпсіз жол іздеді
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында тауға шығып түсе алмай қалған балалар құтқарылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Жасөспірімдер 600 метр биік жартасқа шығып кетіп, қайта түсе алмай қалған.
"Кеше кешке Қарағанды облысы ТЖД 112 пультіне Ақтоғай ауданындағы "Бектау-Ата" шатқалында тауға шығып, өз бетінше түсе алмай қалған екі жасөспірім туралы достарынан хабарлама түсті", - дейді ведомстводағылар.
Жасөспірімдер кешкісін теңіз деңгейінен шамамен 600 метр биіктікке көтерілген, алайда түсу кезінде бағыттарын жоғалтып, қауіпті жартасты аймақта қалып қойған.
"Оқиға орнына жету үшін құтқарушылар түні бойы қауіпсіз жол іздеді. Бектау-Ата шатқалы — жартасты тау, мұнда қозғалыс жартастар мен тік беткейлердің салдарынан қиындады. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында балалар аман-есен төменге түсірілді", - дейді құтқарушылар.
Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмады.