https://sputnik.kz/20250908/qazaq-kuresten-respublikalyq-zharysta-zhasospirimnin-moyyn-omyrtqasy-syndy-56901173.html
Қазақша күрестен республикалық жарыста жасөспірімнің мойын омыртқасы сынды
Қазақша күрестен республикалық жарыста жасөспірімнің мойын омыртқасы сынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында өткен қазақша күрестен республикалық жарыста жасөспірім ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 08.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-08T14:27+0500
2025-09-08T14:27+0500
2025-09-08T14:28+0500
қазақша күрес
жасөспірім
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/1234/75/12347508_0:1:2048:1153_1920x0_80_0_0_e3dda27624a0a7045e93f008e851040e.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында өткен қазақша күрестен республикалық жарыста жасөспірім ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға 7 қыркүйекте Ерейментауда болған. Перуаш Кәрім-ұлының құрметіне арналған қазақша күрестен республикалық жарыста жасөспірім мойынын сындырған. Ол күрес барысында кілемге сәтсіз құлаған.Жарыс болып жатқан спорт кешенінде аурухананың дәрігері кезекшілікте болды, ол дереу көмек көрсетіп, реаниматологты шақырған.Дәрігерлер мойын омыртқасының сүйектері сынуы деген алдын-ала диагноз қойған.Бұл турнир биыл оныншы рет өткізіліп отыр. Оған Ресейден, Моңғолиядан, Қазақстанның барлық өңірінен екі жүзден астам адам спортшы келген. Турнир сенбіде басталған. Ал жексенбі күні таңертең оқыс жағдай болды. Оқиғадан кейін жарыс тоқтатылып, спортшылар үйлеріне жіберілді.Осы оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады."7 қыркүйекте Ерейментау ауданының аумағында қазақша күрестен жарыс өткізу барысында Ақтөбе қаласының 15 жастағы тұрғыны ауыр жарақат алды. Осы факті бойынша полиция органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді облыстық полиция департаментіндегілер.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1234/75/12347508_256:0:1793:1153_1920x0_80_0_0_6ce8baac433df7b72921a828adf8d040.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақша күрес, жасөспірім, ақмола облысы
қазақша күрес, жасөспірім, ақмола облысы
Қазақша күрестен республикалық жарыста жасөспірімнің мойын омыртқасы сынды
14:27 08.09.2025 (жаңартылды: 14:28 08.09.2025) АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында өткен қазақша күрестен республикалық жарыста жасөспірім ауыр жарақат алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 7 қыркүйекте Ерейментауда болған. Перуаш Кәрім-ұлының құрметіне арналған қазақша күрестен республикалық жарыста жасөспірім мойынын сындырған. Ол күрес барысында кілемге сәтсіз құлаған.
Жарыс болып жатқан спорт кешенінде аурухананың дәрігері кезекшілікте болды, ол дереу көмек көрсетіп, реаниматологты шақырған.
"Тексеру кезінде клиникалық өлім анықталды. Спортшы Ерейментау аудандық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер жанама массаж, адреналин, дефебреллация жасады, содан кейін жүрек соғуы қалпына келді. Жасөспірім жасанды тыныс алу аппаратына қосылды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Дәрігерлер мойын омыртқасының сүйектері сынуы деген алдын-ала диагноз қойған.
Бұл турнир биыл оныншы рет өткізіліп отыр. Оған Ресейден, Моңғолиядан, Қазақстанның барлық өңірінен екі жүзден астам адам спортшы келген. Турнир сенбіде басталған. Ал жексенбі күні таңертең оқыс жағдай болды. Оқиғадан кейін жарыс тоқтатылып, спортшылар үйлеріне жіберілді.
Осы оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
"7 қыркүйекте Ерейментау ауданының аумағында қазақша күрестен жарыс өткізу барысында Ақтөбе қаласының 15 жастағы тұрғыны ауыр жарақат алды. Осы факті бойынша полиция органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді облыстық полиция департаментіндегілер.