Оқулықтарды сараптайтын педагогтер іріктеліп жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинОқулықтар
Оқулықтар - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2025
Жазылу
Бүгінде орталықтың базасында оқыту мен байқау кезеңдерінен жаңа формат бойынша сәтті өткен 400-ден астам сарапшы тіркелген
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Оқулықтарды сараптау саласында жұмыс істеу үшін педагог-сарапшыларды іріктеудің жаңа кезеңі басталды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Барлық рәсім онлайн форматта E-EXPERT.GOV.KZ платформасында өткізіледі. Бұл үміткерлерге елдің кез-келген өңірінен қатысуға тең мүмкіндік береді.
Бүгінде орталықтың базасында оқыту мен байқау кезеңдерінен жаңа формат бойынша сәтті өткен 400-ден астам сарапшы тіркелген.
E-EXPERT.GOV.KZ платформасы құжаттарды тексеруден бастап тестілеу, әңгімелесу, эссе жазу, модульдік оқыту және қорытынды сертификаттауға дейінгі негізгі үдерістерді автоматтандырды.

"Платформаны енгізу — іріктеу үдерісін барынша ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік берді. Бүгінде біз сарапшылар қауымдастығын тиімді қалыптастырып, педагогтерді іріктеу сапасын қамтамасыз етіп отырмыз", — деп хабарлады орталық директоры Назира Абдрахманова.

Орталық Қазақстанның барлық өңіріндегі педагогтерді байқау іріктеуіне қатысып, Қазақстандағы орта білім сапасын қалыптастыратын кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі болуға шақырады.
Маңғыстау облысында 1 минутта мың сөз оқитын Самир Валерий - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
"Кітап аз": 17 мың сөзді 1 минутта оқитын оқушы пікірімен бөлісті
Жаңалықтар
0