Түркістан облысында су астында қалған ежелгі жәдігерлер табылды

© Photo : Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РКТүркістан облысында су астында қалған ежелгі жәдігерлер табылды
Түркістан облысында су астында қалған ежелгі жәдігерлер табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2025
Жазылу
Экспедиция кезінде қаңлы-сармат кезеңіндегі жерлеу орны да анықталды
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Zhanibekov University археологиялық орталығының зерттеушілері Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Бөген су қоймасында барлау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.
© Photo : Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РКТүркістан облысында су астында қалған ежелгі жәдігерлер табылды
Древние артефакты обнаружили в Туркестанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2025
Түркістан облысында су астында қалған ежелгі жәдігерлер табылды
Биыл жыл басынан басталған қуаңшылықтың салдарынан қойманың арнасы тарылған еді. Су қоймасы астында қалған тарихи-мәдени ескерткіштерге экспедиция бір аптаға жалғасып, нәтижесінде құнды жәдігерлер табылды.
© Photo : Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РКТүркістан облысында су астында қалған ежелгі жәдігерлер табылды
Древние артефакты обнаружили в Туркестанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2025
Түркістан облысында су астында қалған ежелгі жәдігерлер табылды
Зерттеушілердің айтуынша бұл жәдігерлер – кейінгі палеолит пен мезолит кезеңіне тиесілі еңбек құралдары. Бір жерде шоғырланған кейінгі палеолит кезеңіне тиесілі 10-ға жуық халцедон тасы, нуклеустер және кесуге, жонуға арналған тас пластиналар бар. Су эрозициясы нәтижесінде тас кезеңіне тиесілі жәдігерлер мұқият зерттелінді.
"Сонымен қатар кейінгі қола дәуіріне жататын бірнеше жерлеу орындарына қазба жұмыстары жүргізілді. Жерлеу орнында адам мүрдесі нашар сақталған. Сырты геометриялық сызықтармен безендірілген керамикалық ыдыстар, сондай-ақ ортаңғы бөлігі қоладан жасалып, сырты алтынмен көмкеріліп қапталған самай әшекейін ерекше айтуға болады. Шығыршық, қоладан жасалынған қос білезік, кенерлі сырға мен бас киімді әсемдеуге пайдаланған көптеген ұсақ моншақ та табылды", - дейді ғалымдар.
© Photo : Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РКТүркістан облысында су астында қалған ежелгі жәдігерлер табылды
Древние артефакты обнаружили в Туркестанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2025
Түркістан облысында су астында қалған ежелгі жәдігерлер табылды
Археологиялық орталық жетекшісі А.Подушкин, ғылыми қызметкер Г.Стамқұлованың айтуынша, Түркістан облысы аумағынан әлі күнге дейін бұл кезеңге тиесілі осындай бұйымдар табылмаған.
"Экспедиция кезінде қаңлы-сармат кезеңіндегі жерлеу орны да анықталды. Бұл жерде жауынгердің жанынан үш қанатты, қанаттары төменге қаратылған сапты жебе ұштары, тұрмыстық пышақ, құмыра және тоға табылды. Б.з.д. І ғ. – б.з. І ғ. мерзімделеді. Бұған қарап өңірде көне дәуірден бастап адамдардың қоныстанғанын байқауға болады", - деп жазылған хабарламада.
Қазба жұмыстары өңірдегі Ұлттық тарихи-мәдени қорық қызметкерлерімен бірлесіп атқарылды. Жәдігерлер зерделеніп, кейіннен мұражайға өткізіледі.
Жаңалықтар
0