https://sputnik.kz/20250907/qazaqstanda-siyr-eti-zhetkilikti---ministrlik-56883075.html
Қазақстанда сиыр еті жеткілікті - министрлік
Қазақстанда сиыр еті жеткілікті - министрлік
Sputnik Қазақстан
Бүгінде ірі қара мал басы 8,7 млн басқа жетіп, оның ішінде 4,5 млн сиыр тіркелген 07.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-07T16:12+0500
2025-09-07T16:12+0500
2025-09-07T16:12+0500
министрлік
сиыр
экспорт
https://sputnik.kz/img/20/75/207597_0:161:3069:1887_1920x0_80_0_0_d10fc1b72439344f4b0a43003bb28d4a.jpg
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда сиыр еті жеткілікті: экспорт квота аясында сақталады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Сиыр етін экспорттауға енгізілген квота тетігі қазақстандық шаруаларға қолданыстағы келісімшарттар шеңберінде сыртқы жеткізілімдерді жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте экспортқа толық тыйым салынған жоқ.1 тамыздан бастап айналым қаражатын толықтыру үшін бордақылауға арналған мал сатып алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Сонымен қатар бордақылау алаңдары мен ет комбинаттарына тапсырылған әр килограмм ірі қара үшін 300 теңгеге дейінгі көтерілген субсидия нормасы өндірістің өсуіне қосымша серпін береді.Ерекше көңіл австралиялық технология бойынша ет кластерлерін дамытуға бөлініп отыр.Қолданылып отырған шаралар Қазақстанға ішкі нарықты сапалы сиыр етімен тұрақты қамтамасыз етумен қатар, халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті де сақтауға мүмкіндік береді, дейді министрліктегілер.
https://sputnik.kz/20250907/koktemde-kartop-bagasy-185-tengeden-aspaydy--ukimet-56881660.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/20/75/207597_168:0:2899:2048_1920x0_80_0_0_456accd32766d12067bf0dc52ff74c3d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, сиыр, экспорт
министрлік, сиыр, экспорт
Қазақстанда сиыр еті жеткілікті - министрлік
Бүгінде ірі қара мал басы 8,7 млн басқа жетіп, оның ішінде 4,5 млн сиыр тіркелген
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда сиыр еті жеткілікті: экспорт квота аясында сақталады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Сиыр етін экспорттауға енгізілген квота тетігі қазақстандық шаруаларға қолданыстағы келісімшарттар шеңберінде сыртқы жеткізілімдерді жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте экспортқа толық тыйым салынған жоқ.
"Айта кетерлігі, елде сиыр еті тапшылығы жоқ. Бүгінде ірі қара мал басы 8,7 млн басқа жетіп, оның ішінде 4,5 млн сиыр тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артық. Төл алу көлемі де айтарлықтай өсіп, 2,7 млн бұзауға жетті (өсім 17,9%). Бұл көрсеткіштер өндіріс көлемін одан әрі арттыруға негіз қалайды", - деп жазылған хабарламада.
1 тамыздан бастап айналым қаражатын толықтыру үшін бордақылауға арналған мал сатып алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Сонымен қатар бордақылау алаңдары мен ет комбинаттарына тапсырылған әр килограмм ірі қара үшін 300 теңгеге дейінгі көтерілген субсидия нормасы өндірістің өсуіне қосымша серпін береді.
Ерекше көңіл австралиялық технология бойынша ет кластерлерін дамытуға бөлініп отыр.
Қолданылып отырған шаралар Қазақстанға ішкі нарықты сапалы сиыр етімен тұрақты қамтамасыз етумен қатар, халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті де сақтауға мүмкіндік береді, дейді министрліктегілер.