Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан су-энергетикалық баланс бойынша келісті

© Sputnik / Илья Наймушин / Медиабанкке өтуГЭС
ГЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2025
Жазылу
Негізгі құжатта Тоқтағұл су қоймасынан су жіберуді қамтамасыз ету бойынша тараптардың міндеттемелері нақты көрсетілді
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетика және су шаруашылығы ведомстволарының үшжақты кездесуі өтті, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Басқосу нәтижесінде өңірдің су-энергетикалық теңгерімін реттейтін бірқатар хаттамаларға қол қойылды. Негізгі құжатта Тоқтағұл су қоймасынан су жіберуді қамтамасыз ету бойынша тараптардың міндеттемелері нақты көрсетілді.
"Келісімге сәйкес, Қазақстан мен Өзбекстан Қырғызстанға электр энергиясын жеткізеді. Сонымен қатар, Ресей Федерациясынан Қырғызстанға электр энергиясын Қазақстанның энергетикалық жүйелері арқылы транзиттеу шарттары да келісілді. Аталған шаралар су қоймасындағы су деңгейін қажетті мөлшерде ұстап тұруға және алдағы вегетациялық кезеңде еліміздің оңтүстік өңірлерін суармалы сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді", - деп жазылған хабарламада.
Сапар аясында екіжақты келіссөздер де жүргізілді. Өзбекстан тарапы 2026 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында Қазақстанға шамамен 900 млн кВт-сағ көлемінде электр энергиясын жеткізу жөнінде келісті.
Ведомство хабарлауынша, бұл келісім еліміздің оңтүстік аймағында жоспарланған электр станцияларын жөндеу жұмыстары кезінде туындауы мүмкін энергия тапшылығын болдырмауға бағытталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесі жетінші отырысына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты тауар айналымын 3 млрд долларға дейін ұлғайтуға келісті
Жаңалықтар
0